Төлемақы
Құрметті авторлар!
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ-тың өзге де ақылы қызметтерінің прейскуранты жаңартылды.
Журнал жүйесінде (философия және дінтану бағыттары бойынша) тіркелу және мақала ұсыну кезінде авторлар тіркеу жарнасын 20% мөлшерінде (12 000 теңге) төлейді. Рецензиялау кезеңі аяқталып, мақала жариялауға оң шешім қабылданған жағдайда, негізгі соманың қалған 80%-ы (48 000 теңге) қосымша төленеді.
Осылайша, редакция қызметтерінің жалпы құны 60 000 теңгені құрайды. Бұл қаражат баспагердің плагиатқа тексеруге арналған лицензиялық жүйені сатып алуына, DOI төлеуге, рецензенттердің, корректорлар мен беттеушілердің, сондай-ақ журнал редакциясының еңбекақысын төлеуге жұмсалады.
Шетелдік авторлардан (Қазақстан Республикасынан бірлескен авторлары жоқ) мақалалар ақысыз негізде қабылданады.
Журнал редакциясы мақаланы қабылдамаған жағдайда, тіркеу жарнасы қайтарылмайды. Тіркеу жарнасы жүйеге материалды әрбір жаңа жүктеу кезінде төленуі тиіс (мысалы, мақала журналдың формальды талаптарына сәйкестендіру үшін немесе рецензия нәтижелері бойынша елеулі өңдеуден кейін қайта жүктелсе, авторлар мақала құнының 20%-ын қайта төлеуі қажет).
Материалды қайта жүктеуге тек бір рет рұқсат етіледі.
Реквизиттер: КеАҚ «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» БИН 010140003594
- АҚ «Банк ЦентрКредит»
Банк БИК: KCJBKZKX
ИИК: KZ978562203105747338
Кбе 16
Кнп 859 – мақала үшін
- АҚ «Bank RBK»
Банк БИК: KINCKZKA
ИИК: KZ498210439858161073
Кбе 16
Кнп 859 – мақала үшін
3) Мақалалар үшін төлемді Kaspi.kz қосымшасы немесе QR арқылы жасауға болады.. Телефоннан Kaspi.kz қосымшасын ашыңыз.

Қосымшада «Төлемді» таңдау керек, әрі қарай «Білім», одан кейін «Қосымша білім», «ЕҰУ хабаршысы» атауын таңдайсыз. Оқушының аты-жөні деген жолға мақала автор(лар)ының аты-жөні, оқушының ЖСН-і деген тұсқа төлем жасаушының ЖСН-і (төлемді жүзеге асыратын карта иесі) жазылады, әрі қарай «Jete - Journal of philosophy, religious and cultural studies» журналының сериясын таңдайсыз.








