JETE – JOURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES журналының редакция алқасы журнал сайтынан қызметтік хаттардың жеткізілуіне қатысты маңызды ақпаратты назарларыңызға ұсынады

2026-10-16

Құрметті авторлар мен рецензенттер!

JETE – Journal of Philosophy, Religious and Cultural Studies журналының редакциясы https://jete.enu.kz сайты арқылы қызметтік хаттардың жеткізілуіне қатысты маңызды ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

mail.ru, yandex.ru, bk.ru және Mail Group жүйесіне кіретін басқа да пошта сервистерінің техникалық шектеулеріне байланысты электрондық хаттарды жеткізуде жаппай мәселелер туындауда. Атап айтқанда:

* хаттар адресатқа мүлде жетпейді;

* «Спам» немесе «Жойылғандар» қалталарына түседі;

* мақаланы жіберу, рецензиялау және редакциямен хат алмасу кезеңдерінде коммуникацияның бұзылуына әкеледі.

Мұның негізгі себебі – журналымыз жұмыс істейтін Open Journal Systems (OJS) платформасынан автоматты түрде жіберілетін хабарламаларды бұғаттайтын пошта жүйелерінің қатаң сүзгілері.

Осыған байланысты төмендегі талаптарды сақтауды қатаң ұсынамыз:

  1. Платформада тіркелу кезінде корпоративтік электрондық пошта мекенжайларын пайдаланыңыз (мысалы, @enu.kz, @edu.kz, @kaznu.kz және т.б.).
  2. Балама ретінде жүйелік хабарламаларды дұрыс қабылдайтын Gmail (@gmail.com) мекенжайларын пайдалануға болады.
  3. Мына домендермен аяқталатын электрондық пошта мекенжайлары арқылы тіркелуден аулақ болыңыз: @mail.ru, @yandex.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @list.ru.

Егер сіз платформада аталған мәселелер туындайтын электрондық пошта мекенжайымен тіркелген болсаңыз, жеке профиліңіздегі электрондық пошта мекенжайын өзгерте аласыз.

Құрметпен,
JETE – Journal of Philosophy, Religious and Cultural Studies журналының редакциялық алқасы