JETE ғылыми журналы ұсынылатын басылымдар тізіміне енгізілді
“JETE – Journal of Philosophy, Religious and Cultural Studies” ғылыми журналы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдардың 2-тізіміне енді.
Журналымыздың дінтану бағыты ресми түрде осы тізімге енгізілді. Бұл дінтанудың академиялық мәртебесін арттыруға және ғылыми сала ретінде институционалдық қолдауды күшейтуге маңызды қадам болып табылады.
Бұл жетістік редакциялық алқаның, авторлардың, рецензенттердің және журналдың дамуына үлес қосқан барлық әріптестердің жүйелі еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Осы маңызды жетістікпен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін шын жүректен құттықтаймыз және JETE журналының ғылыми беделін нығайтуға үлес қосқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.



