Журнал туралы

JETE - JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы, Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы» басылымының құқықтық мұрагері.

Журнал “JETE” философия, дінтану, мәдениеттану саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялайды.

Журнал саясатының маңызды аспектісі – қазіргі заманның күрделі процестерін түсінудің пәнаралық ашықтығы. Журнал зерттеулердің кең тақырыптық аясын қамтиды және философиялық, дінтанулық, мәдениеттанулық білімдерді интерпретациялауға бағытталған эвристикалық зерттеулерге назар аударады.

Құрылтайшы және баспагер: "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ

 Мерзімді баспа басылымын және (немесе) ақпараттық агенттікті қайта есепке алу туралы куәлік № KZ00VPY00113325 2025 жылғы 25 ақпанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан берілген.

Журнал 1995 жылдан бастап шығарылады.

Шығатын уақыты: жылына 4 рет.

Шығу тілі: қазақша, ағылшынша, орысша.

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым мен жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енген.