Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ басқа да ақылы қызметтер құнының прейскуранты жаңартылды. Журнал редакциясы жариялауға қабылдаған бір мақаланың құны 60 мың теңгені құрайды
Құрметті авторлар!
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ-тың өзге де ақылы қызметтерінің прейскуранты жаңартылды.
Журнал жүйесінде (философия және дінтану бағыттары бойынша) тіркелу және мақала ұсыну кезінде авторлар тіркеу жарнасын 20% мөлшерінде (12 000 теңге) төлейді. Рецензиялау кезеңі аяқталып, мақала жариялауға оң шешім қабылданған жағдайда, негізгі соманың қалған 80%-ы (48 000 теңге) қосымша төленеді.
Осылайша, редакция қызметтерінің жалпы құны 60 000 теңгені құрайды. Бұл қаражат баспагердің плагиатқа тексеруге арналған лицензиялық жүйені сатып алуына, DOI төлеуге, рецензенттердің, корректорлар мен беттеушілердің, сондай-ақ журнал редакциясының еңбекақысын төлеуге жұмсалады.
Шетелдік авторлардан (Қазақстан Республикасынан бірлескен авторлары жоқ) мақалалар ақысыз негізде қабылданады.
Журнал редакциясы мақаланы қабылдамаған жағдайда, тіркеу жарнасы қайтарылмайды. Тіркеу жарнасы жүйеге материалды әрбір жаңа жүктеу кезінде төленуі тиіс (мысалы, мақала журналдың формальды талаптарына сәйкестендіру үшін немесе рецензия нәтижелері бойынша елеулі өңдеуден кейін қайта жүктелсе, авторлар мақала құнының 20%-ын қайта төлеуі қажет).
Материалды қайта жүктеуге тек бір рет рұқсат етіледі.








