ҮРЕЙ МЕН ОЛҚЫЛЫҚ. АСХАТ АХМЕДЬЯРОВПЕН СҰХБАТ

Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Күлшат МЕДЕУОВА Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-8860-9678
  • Асхат АХМЕДЬЯРОВ Тәуелсіз суретшісі Автор

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-156-3-192-197

Кілт сөздер:

Қазақстанның заманауи өнері

Аңдатпа

Асхат Ахмедьяров – арт-активистік бағыттағы өзіндік дара шығармашылығымен әлемдік өнер сахнасында танымал болған қазақстандық суретші. Суретшінің таңдаулы жеке көрмелері: «Единственное множественное», Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Астана (2016); In Dialogue with Fire, M HKA, Антверпен (2023); «ҮМІТ», Aspan Gallery, Алматы (2022); AYAN, TSE Art Destination, Астана (2019); Malus Sieversii, Andakulova Gallery, Дубай (2015); «Нафталин», «Хас Санат» галереясы, Астана (2015).Шығармашылық жолындағы бірнеше топтық көрмелерге қатысуы: Lost to the Future: Contemporary Art from Central Asia, LASALLE College of Arts – ICA Singapore, Сингапур (2013); «Протагонисты. Невидимый павильон Казахстана» 56-шы Венеция биеннале (2015); «Энергия будущего» EXPO-2017, Астана; «Фокус Казахстан: Постномадические горизонты», Лондон (2018). Бұл сұхбат суретшімен 2020 жылдың мамыр айында COVID-19 пандемиясына байланысты әлеуметтік шектеулердің күшейіп тұрған кезінде жазылды. Іштегі алаңдаушылықты еңсеріп, қоғамдық орындарға баруға қойылған шектеулерді ескере отырып, біз Астананың шетіндегі салынып жатқан айналма жол торабында кездестік. Айналамыз толған құрылыс қалдықтарының үйінділері мен қамыс қопалары және наразылықтың нышанына айналған әйгілі Талдыкөл көрініп тұрды. Жүк көліктерін тексеру бекетінен қалған металды құрылымның үсіне шығып, кең дала мен елорданың жаңа құрылыстарын батып бара жатқан күннің сәулесіне оранған сәтін тамашалап әңгімелестік. Құрдастар ретінде әр түрлі тақырыпқа еркін сөйлестік. Суретші мен зерттеушіні толғандыратын біраз мәселелерді қозғадық кейде әзілдестік, кейде шығармашылық ізденіс пен азаматтық ұстаным туралы байыппен, ашық әңгімелестік.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ҒЫЛЫМИ ДӘПТЕР

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

“ҮРЕЙ МЕН ОЛҚЫЛЫҚ. АСХАТ АХМЕДЬЯРОВПЕН СҰХБАТ”. 2026. JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES 156 (3): 192-97. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-156-3-192-197.

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 22

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.