ӘМӘУИЛЕР КЕЗЕҢІНДЕ МӘУЕРЕННАХРДЫҢ ЖАУЛАП АЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚҰТАЙБА БИН МУСЛИМНІҢ ИСЛАМДАНДЫРУ САЯСАТЫ

Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 41

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-147-161

Кілт сөздер:

Ислам; мұсылмандар; Құтайба ибн Муслим; Әмәуилер; Мәуереннахр; Хорасан; халифат

Аңдатпа

Мақалада VII–VIII ғасырлар аралығында Мәуереннахрдың мұсылман әскерлері тарапынан жаулап алыну үдерісі және Құтайба бин Муслимнің осы өңірдегі исламдандыру саясаты кешенді түрде талданады. Авторлар халифаттың шығысқа қарай кеңеюі аясында Мауереннахр мен Сырдарияның орта өңірінің стратегиялық маңызын айқындап, бұл аумақтарда жүргізілген әскери жорықтардың саяси және әлеуметтік салдарын ашып көрсетеді. Зерттеуде Әмәуилер дәуіріндегі жаулап алу әрекеттерінің кезеңдік сипаты, жергілікті соғды және түркі билеушілерімен жасалған бітімдер, жиі орын алған көтерілістер мен олардың себептері қарастырылады.

Мақаланың негізгі өзегі Құтайба бин Муслимнің Хорасанда билеуші болған кезеңіндегі қызметіне арналады. Оның әскери табыстары ғана емес, сонымен қатар өңірде ислам билігін орнықтыру мақсатында жүргізген діни және әлеуметтік реформалары жан-жақты сипатталады. Атап айтқанда, мешіттер салу, араб тайпаларын қоныстандыру, жергілікті ақсүйектерді исламды қабылдауға тарту, мәуәлилерге қатысты икемді саясат ұстану сияқты шаралардың исламның таралуындағы рөлі талданады. Сонымен қатар, мақалада Испиджабтың алынуына қатысты аңыздық риуаяттар тарихи деректермен салыстырыла қарастырылып, олардың өңірлік діни санадағы орны көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде Мәуереннахрдың исламдануы бір сәттік немесе тек әскери күшке негізделген құбылыс емес, ұзаққа созылған, көпқырлы тарихи процесс болғаны туралы тұжырым жасалады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Мұхтар ҚОЖА, Халықаралық туризм және меймандостық университеті

    т.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Түркістан, Қазақстан

  • Бурханадин АБДИЛХАКИМ, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

    PhD, дінтану кафедрасының оқытушысы, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

  • Асан АМАНГЕЛЬДИЕВ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

    PhD, философия кафедрасының аға оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана, Қазақстан

Әдебиеттер тізімі

Abuseitova, M., Myrzakhmetov, M., Babadzhanov, B. (2008). Islamization and Sacred Genealogies in Central Asia: Genealogical Charters and Sacred Families of the 19th-21st Centuries: The Legacy of Ishaq Baba in Narrative and Genealogical Traditions. Almaty – Bloomington: Dyke Press, 638.

Apak, A. (2008). An Outline of Islamic History: The Umayyad Period. Istanbul: Ensar Neşriyat.

Asam, Abu Muhammad Ahmad al-Kufi. (1991). Al-Futuh. Beirut: Dar al-Adwa.

Aycan, İ., & Sarıçam, İ. (2005). The Umayyads. Ankara: Türkiye Diyanet Vakfı Publications.

Barthold, V.V. (1990). Turkestan until the Mongol invasion (H.D. Yıldız, Trans.). Ankara.

Belazuri, Abu al-Husayn Ahmad ibn Yahya. (1987). Futuh al-Buldan. Beirut.

Gibb, H.A.R. (1930). The Arab Conquests in Central Asia (Translated by M. Hakkı). Istanbul: Evkaf Printing House.

Ibn al-Athir, Abu al-Hasan Ali ibn Abi al-Karim Muhammad. (1965). Al-Kamil fi al-Tarikh. Beirut.

Ibn Sad, Muhammad. (n.d.). Al-Tabaqat al-Kubra (Vols. 1–8). Beirut: Dar Sadir.

Kitapçı, Z. (2004). How did the Turks become Muslim? (pp. 199–200). Konya: Yedikubbe Publications.

Kitapçı, Z. (2005). The Conquest of Turkestan by Muslim Arabs. Konya: Yedikubbe Publications.

Narshakhi, Abu Bakr Muhammad ibn Jafar. (1993). Tarikh Bukhara. Cairo: Dar al-Maarif.

Roux, J.P. (1999). Central Asia: History and Civilization (L. Arslan, Trans.). Istanbul.

Tabari, Abu Jafar Muhammad ibn Jarir. (n.d.). Tarikh al-Rusul wa al-Muluk (Ed. Muhammad ibn Abi al-Fadl Ibrahim, Vols. 1–11). Cairo.

Tabari, Abu Jafar Muhammad ibn Jarir. (n.d.). Tarikh al-Rusul wa al-Muluk (Vol. 4). Beirut: Dar Suwaydan.

Wellhausen, J. (1963). The Arab State and its Fall (Translated by F. Işıltan). Ankara: Ankara University Press.

Yaqubi, Ahmad ibn Abi Yaqub. (n.d.). Tarikh al-Yaqubi (Vol. 2). Beirut.

Yaqut, Shihab al-Din Abu Abdallah ibn Abdallah al-Hamawi. (1957). Mujam al-Buldan (Vol. 4). Beirut: Dar Sadir.

Yazıcı, N. (2002). History of the first Turkish-Islamic states. Ankara: Türkiye Diyanet Vakfı Publications.

Yıldız, H.D. (1976). Islam and the Turks (p8). Istanbul: Faculty of Literature Printing Press.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

“ӘМӘУИЛЕР КЕЗЕҢІНДЕ МӘУЕРЕННАХРДЫҢ ЖАУЛАП АЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚҰТАЙБА БИН МУСЛИМНІҢ ИСЛАМДАНДЫРУ САЯСАТЫ”. 2026. JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES 154 (1): 147-61. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-147-161.