АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫНЫҢ «ХАС ЖАҚСЫ» КОНЦЕПЦИЯСЫ
Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 50DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-103-117Кілт сөздер:
Ақыт Үлімжіұлы, Хас жақсы, адамгершілік, көркем мінез, моральдық философия, ислам философиясы, ахлақ ілімі, толық адам, этикалық құндылықтар, аксиологияАңдатпа
Бұл мақалада Ақыт Үлімжіұлы шығармаларына арқау болған адамның ішкі рухани болмысының өзегі саналатын адамгершілік пен көркем-мінез категорияларының мәні мен маңызы сипатталады. Аталған категориялар ең алдымен адамның онтологиялық болмысын айқындай отырып, тұлғаның ішкі рухани әлемін, дүниетанымдық бағдарларын және әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеуші, басты негіз ретінде қарастырылады. Адамның шынайы мәні оның сыртқы бейнесінде немесе білім деңгейінде емес, керісінше этикалық құндылықтарында – адалдығы, әділеттілігі, жанашырлығы, жауапкершілігі мен шыншылдығында көрініс табатыны дәлелденеді. Ақыт Үлімжіұлы дүниетанымындағы «хас жақсы» мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерімен Абайдың «Толық адам» концепциясынан дараланып, қазақ моральдық философиясының бірегей көрінісі ретінде сараланады. «Жақсының елге тиер шарапаты, Жаманның елді бұзар кесапаты» қағидасына негізделген бұл ілімде көркем мінез иесі, моральдық бейнесі орнықты тұлға қоғамдық өмірдің негізгі реттеуші күші ретінде пайымдалады.
Исламдық ахлақ ілімімен сабақтастықта «Хас жақсы» концепциясы шынайы мұсылман кемел адам болмысына жетелейтін жоғары этикалық бағдар ретінде талданады. Осы тұрғыдан алғанда, аталған ілім ислам философиясындағы ахлақтық ұстанымдар мен адамгершілік принциптерінің синтезі ретінде ерекше философиялық және аксиологиялық маңызға ие.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Berger, J. (2014). Word of mouth and interpersonal communication: A review and directions for future research. Journal of Consumer Psychology, 24(4), 586–607. https://doi.org/10.1016/j.jcps.2014.05.002
Bulut, H. İ. (2015). Semavi dinlerin ortak ahlak ilkeleri ya da evrensel değerler. Yakın Doğu Üniversitesi İlahiyat Fakültesi Dergisi, 1(1), 145–162.
Бұланұлы, Ж. (2023). Сопылық ілімі: тарихы, мәні және сипаттамасы. Алматы.
De Micco, F., & Scendoni, R. (2024). Three different currents of thought to conceive justice: Legal and medical ethics reflections. Philosophies, 9(3), Article 61. https://doi.org/10.3390/philosophies9030061
Dong, M., Kupfer, T. R., Yuan, S., & van Prooijen, J. W. (2023). Being good to look good: Self-reported moral character predicts moral double standards among reputation-seeking individuals. British Journal of Psychology, 114(1), 244–261. https://doi.org/10.1111/bjop.12608
Dönmezer, İ. (2009). Ailede iletişim ve etkileşim (6th ed.). Ankara.
Ғазали, Ә. Х. М. ибн М. (1978). Манаһиж әл-Ғабидин. Каир: Икра.
Қарымсақов, А. Ү. (2014). Ақыт Үлімжіұлы шығармалары (Т. 1). Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы.
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы. (2023). Сопылық. Астана: Муфтият баспасы.
Құран кәрім. (2018). Қазақша түсіндірмелі аударма (А. Әкімханов & Н. Анарбаев, ауд.). Алматы.
Кузин, Ф. А. (2011). Методика написания. Правила оформления. Порядок защиты: Практическое пособие для докторантов, аспирантов и магистрантов. Москва: Ось-89.
Мұтанов, Ғ., Таджикова, К., Хасанов, Ш., т.б. (2014). Әл-Фараби және қазіргі заман. Алматы: Қазақ университеті.
Оқанұлы, С. (2020). Зекет. Алматы: Көкжиек баспасы.
Реми, Х. (2015). Философияның таңдаулы 25 кітабы (А. А. Рыскиева & Ә. А. Құранбек, ауд.). Алматы: Ұлттық аударма бюросы.
Сандыбаев, Ж. С. (2019). Әбу Хамид әл-Ғазалидің «ахлақ» ілімі. Алматы: Нұр-Мүбарак баспасы.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Мұратхан МАХМЕТ, Қалмахан ЕРЖАН (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.








