Технологиялық жаһандану дәуіріндегі негізгі этикалық теориялардың рөлі

Қаралымдар: 246 / PDF жүктеулері: 133

Авторлар

  • Али Рафет Озкан Анкара университеті Автор
  • Самал Адылханова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор
  • Нурсултан Сарсенбеков Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Автор

Кілт сөздер:

этика, утилитаризм, деонтология, технология, контракцио- низм, категориялық императив, міндеттер, ұйғарымдар, плюрализм, мораль

Аңдатпа

Мақалада дәстүрлі этикалық теорияларды қазіргі заманның өзгеріп отыратын технологиялық ландшафтына қалай қолдануға және бейімдеуге болатындығы қарастырылады. Қазіргі қоғам адам өмірінің құрылымын ғана емес, сонымен қатар біздің өміріміздегі құндылықтар мен нормаларды түсінуді түбегейлі өзгертуге мүмкіндігі бар технологиялық революцияның шегіне тұрақты түрде жақындап келе жатқаны атап өтілді. Құпиялылық, деректер қауіпсіздігі, Автоматтандыру және технологияның қауымдастықтарға әсері сияқты мәселелерге қатысты аспектілер талданады. ХХІ ғасыр өмір салтын, жұмысты және әлеммен өзара әрекет- тесуді өзгерткен бұрын-соңды болмаған технологиялық жетістіктердің куәсі болды. Бұл өзгерістердің этикалық аспектілері және олардың қоғамға және жеке адамдарға әсері қарастырылады. Негізгі этикалық теориялар мен тұжырымдамаларға шолу жасалады: утилитаризм, деонтология, әлеуметтік келісім теориясы және т.б. олардың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері қазіргі технологиялық парадигма белгілеген этикалық мәселелерді шешуге қолдану тұрғысынан белгіленеді. Бұл теориялар жаһандық коммуникацияның жаңа технологияларына байланысты туындайтын этикалық сын-қатерлерге қалай қолданылатыны зерттелуде. Этика тек абстрактілі ұғым емес, қазіргі қоғамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, онда адамдар күнделікті технологиялық (ақпараттық) байланыс жағдайында жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр болады. Этикалық нормалардың болмауы жойқын салдарға әкелуі мүмкін және моральдық жауапкершілікті дамыту императивті талапқа айналады деген қорытынды жасалады. Бүгінгі таңда этиканы тиімді қолдану тұрақты және үйлесімді әлем құру қажеттілігіне айналуда.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Али Рафет Озкан, Анкара университеті

    Теология факультеті, философия және дінтану кафедрасының профессоры

  • Самал Адылханова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    «Философия» білім беру бағдарламасының докторанты

  • Нурсултан Сарсенбеков, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

    ҚХА және ӘГП кафедрасының доцент м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-04-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Технологиялық жаһандану дәуіріндегі негізгі этикалық теориялардың рөлі. (2025). JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES , 150(1), 7-22. https://jete.enu.kz/index.php/bastybet/article/view/11

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.