ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ШАРИҒИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 12DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-153-4-153-172Кілт сөздер:
қайырымдылық қызметі; исламдық қайырымдылық; зекет; уақып; шариғат; зайырлы құқық; құқықтық плюрализм; коммерциялық емес ұйымдар; салықтық реттеу; азаматтық қоғамАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық қызметінің шариғи және құқықтық негіздерін кешенді түрде талдауға арналған. Зерттеуде исламдық қайырымдылық институттарының (зекет, садақа, уақып) шариғи мәні мен оларды реттейтін ұлттық зайырлы құқықтық тетіктердің өзара қатынасы пәнаралық және салыстырмалы-құқықтық тәсілдер негізінде қарастырылады. Исламдық әлеуметтік ойдың классикалық және заманауи өкілдерінің еңбектеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сүйене отырып, қайырымдылық қызметінің діни-этикалық және құқықтық өлшемдері талданады. Зерттеу нәтижелері шариғат пен ұлттық заңнаманың қайырымдылық саласындағы қатынасы қарама-қарсы жүйелер ретінде емес, әртүрлі нормативтік деңгейде әрекет ететін және ортақ әлеуметтік мақсаттарға бағытталған толықтырушы механизмдер ретінде негізделетінін көрсетеді. Сонымен қатар мақалада қайырымдылық қызметінің институционалдық және экономикалық аспектілері, оның ішінде басқару, қоғамдық сенім, есептілік және салықтық реттеу мәселелері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері шариғи этикалық қағидалар мен зайырлы құқықтық тетіктерді үйлестіру әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мен азаматтық қоғам институттарын нығайтудың тиімді жолы екенін айқындайды.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Abdussattar, M. (2019). Qazaqstandağı islamdyq qaiyrymdylyq instituttarynyñ damuy. Islamtanu, 3, 45–58.
Al-Ghazali, A. H. (2005). Ihya’ ‘ulum al-din. Dar al-Kutub al-Ilmiyyah.
Al-Qaradawi, Y. (1999). Fiqh az-zakah: A comparative study. Scientific Publishing Centre.
Ali, S. S. (2011). Islamic philanthropy: A historical and contemporary perspective. International Institute of Islamic Thought.
An-Na‘im, A. A. (2008). Islam and the secular state: Negotiating the future of Shari‘a. Harvard University Press.
Anheier, H. K. (2014). Nonprofit organizations: Theory, management, policy (2nd ed.). Routledge.
Derbisali, Ä. (2010). Islam jäne qazirgi qazaq qoğamy. Däuir.
Ebrahim, A. (2010). The many faces of nonprofit accountability. Harvard Business School Working Paper, 10–069.
Esim, Ğ. (2014). Hakim Abai. [Baspasy kórsetilmegen].
Hallaq, W. B. (2009). An introduction to Islamic law. Cambridge University Press.
Hallaq, W. B. (2013). The impossible state: Islam, politics, and modernity’s moral predicament. Columbia University Press.
Kahf, M. (2003). The role of waqf in improving the ummah’s welfare. In Proceedings of the International Seminar on “Waqf as a Private Legal Body” (pp. 1–18). Universiti Kebangsaan Malaysia.
Kamali, M. H. (2008). Principles of Islamic jurisprudence (3rd ed.). Islamic Texts Society.
Kenzhetai, D. (2013). Islam filosofiasy jäne qazaq ruhaniaty. Arys.
Nyazee, I. A. K. (2000). Theories of Islamic law: The methodology of ijtihad. International Institute of Islamic Thought.
Salamon, L. M. (2012). The state of nonprofit America (2nd ed.). Brookings Institution Press.
Salamon, L. M., & Anheier, H. K. (1998). Social origins of civil society: Explaining the nonprofit sector cross-nationally. Voluntas, 9(3), 213–248. https://doi.org/10.1023/A:1022058200985
Нормативтік-құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). (1994 ж. 27 желтоқсандағы № 268-XII, 2024 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен).
Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы. (2001 ж. 16 қаңтардағы № 142-II, 2024 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен).
Қазақстан Республикасының «Қайырымдылық қызмет туралы» Заңы. (2015 ж. 16 қарашадағы № 402-V, 2024 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен).
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Касым Касабеков (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



