ЖАБАЙХАН МҮБАРАКҰЛЫ ӘБДІЛДИН РУХЫНА БАҒЫШТАЛҒАН ЕСТЕЛІК
Қаралымдар: 63 / PDF жүктеулері: 18DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-153-4-234-248Кілт сөздер:
естелік, философия, диалектикаАңдатпа
2025 жылғы 3 желтоқсанда 93 жасқа қараған шағында көрнекті философ, диалектика мен таным теориясының білгірі, қазақстандық диалектика және диалектикалық логика мектебінің негізін қалаушы, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, зор білім иесі, айқын азаматтық ұстанымы бар тұлға – Жабайхан Мүбаракұлы Әбділдин дүниеден өтті.
Өз өмірін ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап философиямен байланыстырған, Жабайхан Әбділдин Қазақстандағы өзіндік философиялық мектептің дамуының жарқын символына және әлемдік философиялық қауымдастықтағы мәртебелі тұлғаға айналды, 1968 жылдан бастап бүкіләлемдік философиялық конгрестердің белсенді қатысушысы болды.
Жабайхан Мүбаракұлының шығармашылық ғұмырын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – 1959–1998 жылдар, Алматымен, Ғылым академиясының философия және құқық институтындағы қызметімен байланысты. Бұл кезең оның ғалым, диалектикалық логика бойынша ғылыми мектептің жетекшісі ретінде қалыптасуының уақыты болды. Екінші кезең – 1998–2007 жылдар, Астанамен және ҚР Парламенті Сенатының комитеттеріндегі депутаттық қызметімен байланысты. Бұл – оның саяси және азаматтық белсенділігінің кезеңі, 1920–30 жылдары репрессияға ұшыраған қазақ халқының көрнекті қайраткерлерін ақтау жөніндегі комиссиядағы жемісті еңбегімен ерекшеленеді. Үшінші кезең – 2007–2025 жылдар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің философия кафедрасымен байланысты. Осы уақытта Жабайхан Мүбаракұлының 25 томдық толық шығармалар жинағы жарық көрді. Дәл осы кафедрада өзінің бастамасымен «Қазіргі философияның өзекті мәселелері» (2008, 2013, 2018, 2023), «Ильенков оқулары. Философия және мәдениет» (2011) атты халықаралық конференциялар ұйымдастырылды.
Жабайхан Мүбаракұлын еске ала отырып, 2018 жылы, оның 85 жылдық мерейтойы қарсаңында сол уақыттағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің философия кафедрасында бірге қызмет жасаған әріптестері Кульшат Медеуова, Ұлболсын Сандыбаева және Динара Рысқұлбекова алған сұхбатты қайта жариялап отырмыз.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Кульшат Медеуова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



