ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ СХОЛАСТИКА: ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ МЕН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ АЛМАСУ

Scientific article

Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 11

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-152-3-137-147

Кілт сөздер:

Ислам философиясы, схоластика, Аристотель, Ибн Рушд

Аңдатпа

Ортағасырлар – ислам философиясының дамуы үшін маңызды кезең болды. Осы дәуірде ислам әлемінде пайда болған философиялық тармақтар тек ислам топырағын ғана емес, сондай-ақ Еуропадағы интеллектуалдық дамуға да септігін тигізді. Бұл зерттеуіміз ортағасырлық ислам философиясының негізгі ерекшеліктері мен оның еуропалық схоластикалық оймен байланыстарын қарастыратын боламыз. Ислам философиясы ежелгі грек философиясының әсерінен қалыптасып, Аристотель мен Платон шығармаларының араб тіліне аударылуымен дамыды. Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд сынды философтар осы ойды жүйелеу арқылы логика, метафизика мен гносеология салаларына үлес қоса алды. Бағдадта пайда болған «Даналық үйі» сияқты академиялық орталықтар ғылым мен философияның таралуында маңызды рөл атқарды.

Еуропалық схоластика ХІІ ғасырдан бастап ислам әлемінен келген философиялық және ғылыми еңбектердің арқасында өзгерістерге ұшырады. Бұл кезеңде Андалусия мен Сицилия секілді аймақтарда жүргізілген аударма жұмыстары Ибн Рушдтың Аристотель туралы түсіндірмелерінің Еуропаға жетуіне мүмкіндік беріп, Батыс ойының қалыптасуына ықпал етті. Схоластикалық философтардың бірі Фома Аквинский Инб Рушд еңбектерінен әсерленіп, христиандық теологияны рационалды негізде орнатуға тырысты. Бұл мақаламызда ортағасырлық ислам философиясының еуропалық ой-пікірге, дүниетанымға әсері тарихи-философиялық тұрғыдан қарастырылып, екі өркениет арасындағы интеллектуалдық өзара әрекеттестіктің маңыздылығына назар аударылатын болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Фэриде Камалова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Теология факультеті, Дінтану кафедрасының меңгерушісі

  • Ақмоншақ Усаинова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,  Теология  кафедрасы

  • Бауыржан Ботақараев, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

    PhD, қауымд.проф., Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасы

  • Асем Тастанова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    аға оқытушы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Әдебиеттер тізімі

Abdurrahman Badawi. (1954). Fontes sapientiae (‘Uyun al-Hikmah). Cairo. [in Arabic]

Askar, L. A., Atash, B. M., & Pernebekova, D. P. (2023). Creative ideas of Arabo-Muslim philosophers and their attitude to logic. The World of a Human, 4(98), 3–16. [in English]

Christel, H. (1985). Definition und Einleitung der Philosophie – Von der spaetantiken Einleitungs Literatur zur Arabischen Encyclopaedie. Bern and New York. [in English]

Dossett, R. D. (2014). The historical influence of classical Islam on Western humanistic education. International Journal of Social Science and Humanity, 4(2), 88–91. [in English]

Gahramanova, K. (2022). Spirit and consciousness concept of Al-Farabi. Al-Farabi, 80(4), 54–61. [in English]

Kairbekov, N. E. (2018). Philosophy of Islam during the reign of the Karakhanid dynasty. Bulletin of KazNU. Series of Philosophy, Cultural Studies and Political Science, 56(2), 83–89. [in English]

Lagunovskaya, E. A., & Kolyada, M. S. (2021). Islamic philosophy: History and genesis. Scientific Notes of Brest State Technical University: Humanities, 3, 141–146. [in English]

Mahdi, M. (1969). Kitab al–huruf. Beirut. [in Arabic]

Mahdi, M. S. (2001). Alfarabi and the foundation of Islamic philosophy. The University of Chicago Press. [in English]

Markov, A. V. (2019). European classical philosophy. Moscow: Publishing House AST. [in Russian]

Nurysheva, G. Zh., & Zhanykulov, N. O. (2018). Al-Ghazali's accusation of the philosophers of takfir and Al-Farabi. Bulletin of KazNU. Series of Philosophy, Cultural Studies and Political Science, 58(4), 115–120. [in English]

Seitakhmetova, N., & Zhandosova, Sh. (2016). Philosophy in the 21st century: A problematic perspective. The World of a Human, 3(69), 21–27. [in English]

Stroumsa, S. (1991). Al–Farabi and Maymonides on Christian philosophical tradition. Der Islam, 68(2), 264. [in English]

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ СХОЛАСТИКА: ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ МЕН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ АЛМАСУ: Scientific article. (2025). JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES , 152(3), 137-147. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-152-3-137-147

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 19

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары