«МӘҺДИ» КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ИСЛАМДЫҚ СЕНІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ МЕН ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ

Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

  • Бауржан Курбанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор
  • Бактыбай Бейсенбаев Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Автор https://orcid.org/0009-0008-7008-5499
  • Нурлан Кайрбеков Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор https://orcid.org/0009-0008-2241-3259

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-153-4-105-122

Кілт сөздер:

Мәһди; эсхатология; ақида; сүнниттік және шииттік дәстүр; Құран; хадис; исламдық теология; та’уил; мүжәддид

Аңдатпа

Мақала исламдық сенім жүйесіндегі «Мәһди» ұғымының тарихи қалыптасуы, теологиялық интерпретациясы және оның сүнниттік пен шииттік дәстүрлердегі түсіндірмелері кешенді түрде зерттеуге бағытталған. Зерттеу мақсаты Мәһди концепциясының Құран мен хадистегі негіздерін айқындау, оның діни-идеологиялық және саяси контекстегі эволюциясын көрсету. Жұмыс барысында PRISMA әдістемесіне сүйенген жүйелі әдеби шолу тәсілі қолданылып, Scopus және Google Scholar дерекқорларындағы жарияланымдар сарапталған. Мақала Мәһди ұғымының этимологиялық мәні, алғашқы тарихи көріністері және сүнниттік пен шииттік бағыттар арасындағы интерпретациялық айырмашылықтар қарастырылады. Құранда «Мәһди» термині тікелей кездеспегенімен, оның мағыналық өрісі «һүда» және «һади» ұғымдарымен байланыстырылып, «тура жолға бастаушы» мағынасы тұрғысынан түсіндіріледі. Хадис әдебиетінде Мәһдиге қатысты риуаяттар кеңінен кездеседі, олардың ішінен сенімді (сахих) және әлсіз (даиф) нұсқалар арасындағы айырмашылықтар иснадтық (тізбектік) талдау арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, шииттік Иснәашария мектебі Құран аяттарын та’уил (астарлы түсіндіру) әдісімен Мәһдиге қатысты түсіндірсе, сүнниттік дәстүрде бұл ұғым негізінен хадистер мен тарихи контекстер арқылы айқындалады. Сонымен бірге, Мәһди мен мүжәддид ұғымдарының айырмашылықтары да талданған: Мәһди ақырзаманда әділдік орнатушы рухани жетекші болса, мүжәддид әр ғасырда дінді жаңғыртушы тұлға ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде Мәһди концепциясы исламдық эсхатологияның өзекті құрамдас бөлігі ретінде діни сана, әлеуметтік әділет және тарихи сана категорияларымен тығыз байланыста қарастырылатыны анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Бауржан Курбанов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    магистрант, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтбаев к-сі, 2, ЕҰУ Оқу корпусы, 010000, Астана, Қазақстан

  • Бактыбай Бейсенбаев, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

    PhD, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы, Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті, жетекші сарапшы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, Бейбітшілік және келісім сарайы, 010000, Астана, Қазақстан

  • Нурлан Кайрбеков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, дінтану кафедрасының доценті, Сәтбаев к-сі, 2, ЕҰУ Оқу корпусы, 010000, Астана, Қазақстан

Әдебиеттер тізімі

Ағыракша, А. (2000). Мәһди. Шамил Ислам энциклопедиясы (Т. 5, б. 149). Дергах баспасы.

Аяши, Мұхаммед ибн Мәсуд ибн Аяш әс-Самарқанди. (2000). Тәфсир әл-Аяши (3 т.). Мүәссәсат әл-Бә'асә.

Анарбаев, Н. С., & Әкімханов, А. Б. (2020). Құран Кәрім: Қазақша түсіндірмелі аударма. Таным.

Бұхари, Мұхаммед ибн Исмаил. (2001). Сахих әл-Бұхари (9 т.). Дәр Тауқ ән-Нәжат.

Әбу Дәуд, Сүлейман әс-Сижистани. (1997). Сүнән (4 т.). Дәр ибн Хазм.

Әбу Фудайл Жәмаладдин ибн Манзур ибн Мұхаммед ибн Мүкәррәм. (1990). Лисан әл-Араб (Т. 31, б. 353–354). Бейрут.

Әбул А‘ла әл-Мәудуди. (1967). Мүжиз Тарих Тәждид әд-Дин уә Ихяуһу (б. 13). Дәр әл-Фикр әл-Хадис.

Әбул Хасан әл-Әшғари. (1990). Мақалат әл-Исламийин уа ихтиләф әл-мусаллин (Т. 1, б. 92). Мәктаба әл-Асрия.

Әз-Зәбиди, Мұхаммед Муртаза әл-Хусейни. (2011). Тәж әл-Арус мин жәуәһир әл-Қамус (Т. 40, б. 294). Дәр әл-Кутуб әл-Илмия.

Әз-Зәһәби, Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Ахмад. (1963). Мизан әл-Итидал фи нақд әр-Рижал (4 т.). Дәр әл-Марифа.

Әл-Азим Әбади, Әбу Абдурахман Мұхаммед Әшраф ибн Әмир. (б. ж.). Аун әл-Ма‘буд ала Сүнән Әби Дәуд (2 т.). Бәйт әл-Әфкар әд-Дууәлия.

Әл-Қанужи, Әбу Тайиб Мұхаммед Сыддықхан. (2000). Фи әл-Изаат лима канә уә якуну бәйнә ядәй әс-Саа (б. 150). Дәр ибн Хазм.

Әл-Уәһиби, Халид ибн Мүбарак. (2004). Әшрат әс-Саа (б. 144). Әл-Ғұбәйра баспасы.

Әл-Хаким, Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Абдулла. (1990). Әл-Мүстәдрак ала әс-Сахихайн (4 т.). Дәр әл-Кутуб әл-Аламия.

Әр-Рағиб әл-Исфахани, Әбул Қасым Хусейн ибн Мұхаммед. (б. ж.). Әл-Муфрадат фи ғариб әл-Құран (Т. 6, б. 700). Марказ әд-Дирасат уә әл-Бухус би Мәктабат Нәззар Мұстафа әл-Баз.

Әс-Сафарини, Мұхаммед ибн Ахмет. (1982). Ләуамиғ әл-Әнуар әл-Бәһия уә сәуәтиғ әл-Әсрар әл-Әсәрия ли шарх әд-Дүрра әл-Мудия фи Ақд әл-Фирқати әл-Мәрдия (2 т.).

Әс-Суюти, Жәләладдин Абдурахман. (б. ж.). Әт-Тәнбиә би мән яба‘с Алла алә ра‘си кулли миәти сана (б. 16). Дәр Әс-Сиқа.

Әт-Табари, Әбу Жағфар Мұхаммед ибн Жәрир. (2001). Жамиғ әл-Бәян ан тә'уил әл-Айи әл-Құран (26 т.). Дәр Һижр.

Әт-Табәрси, Әбу Әли әл-Фадл ибн Хасан. (2006). Мәжмәғ әл-Баян фи тәфсир әл-Құран (Т. 4, б. 344). Әл-Муртаза баспасы.

Әт-Туси, Әбу Жағфар Мұхаммед ибн Хасан. (б. ж.). Әт-Тибян фи тәфсир әл-Құран (Т. 8, б. 129). Ихя әт-Турас әл-Араби.

Ибн Әбу Шәйба, Абдулла ибн Мұхаммед әл-Куфи. (1989). Әл-Мусаннаф фи әл-Әхадис уә әл-Әсәр (7 т.). Мәктабат әр-Рушд.

Ибн әл-Әсир, Әл-Мүбәрак ибн Мұхаммед. (б. ж.). Ән-Ниһая фи ғариб әл-Хадис уә әл-Әсар (б. 1004).

Ибн әл-Қайим әл-Жәузия, Әбу Абдулла Мұхаммед бин Әбу Бәкир. (б. ж.). Әл-Манар әл-Муниф фи әс-Сахих уә әд-Даиф (б. 150–153). Дәр әл-Аләм әл-Фәуаид.

Ибн Мәжә, Мұхаммед ибн Язид әл-Қазуини. (б. ж.). Сүнән (2 т.). Дәр Ихя әл-Кутуб әл-Арабия.

Ибн Ханбал, Ахмад ибн Мұхаммед. (1995). Әл-Мұснад (20 т.). Дәр әл-Хадис.

Муслим ибн әл-Хажжәж. (1955). Сахих Муслим (5 т.). Дәр Ихя әт-Турас әл-Араби.

Хакемез, Ж. (б. ж.). Меһди душунчесинин итикадилешмеси узерине. Гази Университеті Чорум Илаһият Факультеті Журналы, 3(5), 127–144.

Хасан, С. М. (1953). Әл-Мәһдия фи әл-Ислам мунзу ақдам әл-Усур хәтта әл-Йәум. Дәр әл-Кутуб әл-Ғарби.

Хенд, М. әл-Залитни. (2017). Ислам акаидинде меһдилик фикри (Магистрлік диссертация). Кастамону университеті, Түркия.

Farrús, M. (2023). Automatic speech recognition in L2 learning: A review based on PRISMA methodology. Languages, 8(4), 242.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-10

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

«МӘҺДИ» КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ИСЛАМДЫҚ СЕНІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ МЕН ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ. (2025). JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES , 153(4), 105-122. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-153-4-105-122

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 53

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.