ЮНЕСКО Конвенциясындағы Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын қорғаудағы рөлі

Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 143

Авторлар

  • Айдана Кулманова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор

Кілт сөздер:

Қазақстан, ЮНЕСКО, МЕММ, мәдениет, мәдени мұра, конвенция, мәдени элементтер, репрезентативті тізім.

Аңдатпа

1993 жылы ЮНЕСКО «Әлемдегі байырғы халықтардың онжылдығы» (1994-2003)
бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама байырғы халықтардың алдында тұрған мәселелер
туралы ақпаратты арттыруға, олардың құқықтары мен мәдени мұрасын қорғауға бағытталды.
Бес жылдан өткеннен кейін, 1998 жылы, ЮНЕСКО «Халық ауыз әдебиеті мен халықаралқ
материалдық емес мәдени мұра жылын» жарияланды. Бұл бастама ұрпақтан ұрпаққа беріліп
келе жатқан әдет-ғұрыптар, білімдер мен өнер түрлері сияқты ауызша дәстүрлер мен басқа да
материалдық емес мәдени мұраларды сақтау мен ілгерілетуге арналды. Осы бағдарламалардың
нәтижесінде ЮНЕСКО-ның бастамасымен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы
Конвенция әзірледі. 2003 жылы ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер қабылдаған бұл конвенция
материалдық емес мәдени мұраны жойылып кету, бұзылу және жоғалу қаупі төнген маңызды
мәдени элементтер ретінде анықтап, оларды қорғау қажеттігін баса назарға қойды.
Бұл зерттеу ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының өкілдік
тізіміне енгізілген Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының 14 элементін сақтауға
бағытталған шараларға және олардың тарихи дамуына арналады. Қазақстанның ұлттық
мәдениетін сақтауы 2011 жылы ЮНЕСКО Конвенциясына қосылу арқылы айқын көрінді. Бұл
ерекше маңызды, себебі материалдық емес мәдени элементтерді сақтау және оларды ұрпақтан
ұрпаққа жеткізу материалдық мәдениетке қарағанда әлдеқайда күрделі. Мақалада Қазақстанның
материалдық емес мәдени мұрасын қорғау және оны тізімге енгізу үдерістері қарастырылады.
Бұл зерттеу әртүрлі дереккөздерге сүйене отырып, Қазақстанның материалдық емес мәдени
мұрасына талдау жүргізеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-04-29

Журналдың саны

Бөлім

МӘДЕНИЕТТАНУ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЮНЕСКО Конвенциясындағы Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын қорғаудағы рөлі. (2025). JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES , 150(1), 185-197. https://jete.enu.kz/index.php/bastybet/article/view/8

Ұқсас мақалалар

21-29 тен 29

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.