Жаһандық мәдениеттің қалыптасуының философиялық негіздері
Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 125Кілт сөздер:
жаһандық мәдениет, мәдени жаһандану, мәдени бірегейлік, диалектикалық қайшылықтар, мәдени бірегейлік, философиялық трансформация, тарихи динамика, тарихи- мәдени талдауАңдатпа
Мақалада жаһандық мәдениеттің қалыптасу үдерісіне философиялық талдау жүргізіледі. Зерттеу объективті заңдылықтар, яғни тарихи контекст пен мәдени кодтар, мен субъективті факторлар, атап айтқанда бірегейлікті сақтау, арасындағы диалектикалық байланысты ашып көрсетеді. Негізгі назар аударылатын мәдени жаһандану механизмдеріне: мәдени унификация, жаһандық пен жергілікті өзара әрекеттесу динамикасы, сондай-ақ цифрландырудың әлеуметтік-мәдени салаға әсері жатады. Методологиялық негіз ретінде Гегельдің тарихи диалектикалық тәсілі, Ницшенің мәдени сын көзқарастары және Ясперстің өркениеттік даму парадигмасы пайдаланылды. Номадтық және отырықшы өркениеттердің тарихи өзара әрекеттесуі, империялардың мәдени экспансиясы сияқты мысалдар арқылы жаһандық мәдениеттің эволюциялық даму барысы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері мәдени элементтердің интеграциясы мен ұлттық сәйкестікті сақтау арасындағы негізгі қайшылықтарды, массалық мәдениеттің әсер ету рөлін, сондай-ақ мәдени алмасудың асимметриялық сипатын айқындайды. Құндылықтарды игеруде таңдаулы тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтеді, бұл әртүрлі мәдениеттердің үйлесімді өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Нәтижелер бойынша мәдени жаһанданудың тарихи тәжірибе, әлеуметтік трансформациялар және цифрлық технологиялардың әсері ескерілген жағдайда да қайшылықты, бірақ объективті үдеріс ретінде қалыптасатыны дәлелденеді. Мақала жаһандық пен жергілікті мәдениет арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселесін кешенді түрде зерттеуге, сондай-ақ философия, тарих және мәдениеттану салаларының өзара әрекеттесуіне үлес қосады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Торғын Садыкова, Вакур Сумер, Әсем Көлбаева

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



