МҰХАММЕД ИҚБАЛДЫҢ ДІН ФИЛОСОФИЯСЫНДА ДІНИ ТӘЖІРИБЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ

Қаралымдар: 159 / PDF жүктеулері: 44

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-118-132

Кілт сөздер:

Иқбал; философия; дін; діни тәжірибе; құдай; әлем; адам

Аңдатпа

Модернизм кезеңі ғылымды қатты ұлықтап, оны бір ерекше құндылыққа айналдырғаны баршаға мәлім. Мұның позитивизм әсерінен туындаған тенденция екендігіне шүбә жоқ. Позитивизм теориясы бойынша тәжірибеге негізделген дүние ғана ғылым статусына ие болмақ. Бұл үрдіс ғылыми тәжірибенің құнын арттырғанымен, діни тәжірибенің беталысын бәсеңдетті яки құнсыздандырды деуге болады. ХХ ғасырда өзіндік із қалдырған мұсылман ойшылы Мұхаммед Иқбал осы мәселеге дін философиясы аясында шешім табуға тырысқан. Ол өзінің дін философиясында діни тәжірибенің маңызын басқа қырынан ашып, оған жаңаша түсінік берді. Оның ойынша ғылыми теориялар мен діни доктриналардың арасында априори қайшылық жоқ. Діни тәжірибенің басқа тәжірибе деңгейлерінен бір айырмашылығы да жоқ. Басқаша айтар болсақ, діни тәжірибе де басқа тәжірибелеріміз тәрізді эпистемология үшін жұмыс істейді. Яғни оның интерпретациясының когнитивті қыры бар. Иқбалдың басты идеясы – модерн адамның экзистенциалдық проблемалары діни тәжірибе арқылы ғана шешімін таппақ.

 Біз осы мақаламызда Иқбал дүниетанымындағы діни тәжірибе мәселесін ашуға тырысамыз. Кіріспе бөлімінде мистикалық тәжірибеге кең ауқымда тоқталып, оның эпистемологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Себебі ұғымның жалпы философиялық астарына тоқталмай Иқбалдың тұжырымдарын түсіндіруге кірісу жеткіліксіз болмақ. Мақаламыздың бірінші бөлімінде Иқбалдың классикалық философиядағы құдайдың дәлелдерін діни тәжірибе тұрғысынан қалай сынағанына тоқталамыз. Екінші бөлімде діни тәжірибенің Иқбал философиясындағы эпистемологиялық қыры мен оның философиялық астарын саралап мақаламызды қорытындылаймыз.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Ақтөре КӨПБАЙ, Анкара Университеті

    PhD докторант, Анкара университеті, Теология факультеті, Емниет ауданы, Бахрие Үшок даңғылы, 06500 Бешевлер, Анкара, Түркия

  • Ибрахим МАРАШ, Анкара Университеті

    Анкара университетінің профессоры, PhD, Теология факультеті, Емниет ауданы, Бахрие Үшок даңғылы, 06500 Бешевлер, Анкара, Түркия

Әдебиеттер тізімі

Akarsu, B. (1998). Felsefe Terimleri Sözlüğü. İstanbul: İnkılap Kitapevi Yayın, Sanayi ve Ticaret.

Albayrak, M. (2000). Gazali’nin Ahlak Felsefesi ve Filozofların Etkisi. İslâmî Araştırmalar -Gazali Özel Sayısı-, c. XIII, 355-556.

Âsif İkbal Han. (2004). James ve İkbal (Din Psikolojisine Yeni Bir Yaklaşım), çev. Ahmet Albayrak. İstanbul: İnsan Yayınları.

Aydın, M. S. (2002). Din Felsefesi. İzmir: İzmir İlâhiyat Fakültesi Vakfı.

Bakış, R. (1998). Muhammed İkbal'e Göre Dini Tecrübe ve Bilgi Açısından Değeri. Kayseri: Erciyes Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü.

Basinger, M. P.-W.-B.-D. (2006). Akıl ve İnanç: Din Felsefesine Giriş, çev. Rahim Acar. İstanbul: Küre Yayınları.

Blackstone, W. T. (2005). Dinsel Bilgi Sorunu: Felsefi Çözümlemelerin Dinsel Bilgi Sorununa Etkileri, çev. Tuncay İmamoğlu. İstanbul: Ataç Yayınları.

C. Stephen Evans–Manis, R. Z. (2010). Din Felsefesi: İman Üzerine Rasyonel Düşünme, çev. Ferhat Akdemir. Ankara: Elis Yayınları.

Erdem, H. (2009). Bazı Felsefe Meseleleri (Felsefeye Giriş). Konya: Hü-Er Yayınları.

Glock, H.-J. (2021). Analitik Felsefe Nedir? İstanbul: Albaraka Yayınları.

Happold, F. C. (1977). Mysticism; A Study and an Anthology. London: Baltimore Penguin Books.

Hemşinli, H. (2010). Dini Tecrübenin Nesnelliği Üzerine. Atatürk Üniversitesi İlahiyat Fakültesi Dergisi, Sayı:33, 120-144.

İkbal, M. (1998). İslam'da Dini Düşüncenin Yeniden Doğuşu, çev. Ahmet Asrar. İstanbul: Birleşik Yayınları.

Iqbal, M. (1986). The Reconstruction of Religious Thought in Islam. Lahore: Institute of Islamic Culture.

Irakî, F. (2011). “İlme’l-yakin, Ayne’l-yakin, Hakk’el-yakin”, çev. Saffet Yetkin, Derleyen: Recep Alpyağıl, Geleneksel ve Çağdaş Metinlerle Din Felsefesine Dair Okumalar I. İstanbul: İz Yayıncılık.

Koç, T. (1998). Din Dili. İstanbul: İz Yayınları.

Russell, B. (1972). Mistisizm ve Mantık (trc. Ayseli Uluata). İstanbul : Varlık Yayınları.

Smart, N. (1972). “Mysticism, History of”, The Encyclopedia of Philosophy (ed. P. Edwards). New York: MacMillan Publishing.

Spencer, S. (1963). Mysticism in World Religion. Maryland: Baltimore Penguin Books.

Sunar, C. (1966). Mistisizmin Ana Hatları. Ankara: Ankara Üniversitesi İlahiyat Fakültesi Yayınları.

Swinburne, R. (2001). Tanrı Var mı?, çev. M. Akbaş, . Bursa: Arasta Yaynları.

Tüzer, A. (2006). Dinî Tecrübe ve Mistisizm. İstanbul: Dergah Yayınları.

Yaran, C. S. (2009). Dini Tecrübe ve Meunet, Sıradan İnsanların Sıradışı Dini. İstanbul: Rağbet Yayınları.

Yaran, C. S. (2010). Din Felsefesine Giriş,. İstanbul: Rağbet Yayınları.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

“МҰХАММЕД ИҚБАЛДЫҢ ДІН ФИЛОСОФИЯСЫНДА ДІНИ ТӘЖІРИБЕ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ”. 2026. JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES 154 (1): 118-32. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-118-132.

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 57

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.