Бейнеойындар мен күнделікті өмір: феноменологиялық талдау

Қаралымдар: 133 / PDF жүктеулері: 168

Авторлар

  • Анастасия Ветчинникова Новосибирск мемлекеттік университеті Автор
  • Сергей Моисеев Новосибирск мемлекеттік университеті Автор

Кілт сөздер:

бейнеойындар; А. Шюц феноменологиясы; когнитивтік стильдер; әлеуметтік норма; нормаларды көшіру; ойынтану; бейнеойындар мен күнделікті өмір арақатынасы; виртуалды кеңістік; RPG-ойындар; ресейлік геймерлер

Аңдатпа

Зерттеуде бейнеойындар пайдаланушыларының тәжірибесі қарастырылады (мысалы ретінде компьютерлік, бір ойыншыға арналған CRPG және Action-RPG жанрындағы ойындар алынады), бұл арқылы адамдардың бейнеойындар мен күнделікті өмір арасындағы ауысуды қалай жүзеге асыратыны, құрылымдалған әлеуметтік нормаларды мұндай шектеулер жоқ кеңістікке қалай алып өтетіні және кері ықпалдың орын алатыны анықталады.

Теориялық бөлімде game studies атты пәнаралық бағыттағы бейнеойындарды зерттеу тарихына шолу ұсынылады. Зерттеуде пайдаланушы тәжірибесіне және бейнеойындардың күнделікті өмір ережелерінен айырмашылықтарына назар аударған негізгі ғалымдардың еңбектері талданады. Теориялық негіз ретінде Альфред Шюцтің феноменологиялық тәсілі алынған, атап айтқанда, әрқайсысы өздеріне тән когнитивтік стилімен ерекшеленетін түрлі өмірлердің болу идеясы негізге алынады.

Зерттеу әдістері негізделген көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесіне, құрылымдалған бақылауға және фокус-топтық сұхбатқа сүйенеді. Сондай-ақ зерттелетін эмпирикалық нысан, іріктеме мен ақпараттық база сипатталады. Зерттеу Ресей қалаларында тұратын, жасы 18 бен 34 аралығындағы, CRPG және/немесе Action-RPG жанрындағы ойындарды аптасына кемінде бір реттен кем емес жиілікпен бір жылдан артық ойнайтын пайдаланушылар арасында жүргізілді.

Алынған нәтижелер сипаттамасында бақылау негізінде алынған сұхбаттар талданып, индикаторлар мен көрсеткіштер жүйесінде қамтылған келесі аспектілер бойынша ұсынылады: бейнеойын әлеміне ену себептері, уақыт пен кеңістік перспективасы, ойыншың рөлі, ойындағы мінез-құлықтың интерсубъективтілігі және оның түрлі көріністері, сондай-ақ зерттеліп отырған екі дүниенің (ойын және шынайы өмір) арасындағы шекаранының айырмашылықтары мен олардың қабылдауы мен ерекшеліктері.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Анастасия Ветчинникова, Новосибирск мемлекеттік университеті

    әлеуметтану бакалавры

  • Сергей Моисеев, Новосибирск мемлекеттік университеті

    жалпы әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-04-29

Журналдың саны

Бөлім

МӘДЕНИЕТТАНУ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бейнеойындар мен күнделікті өмір: феноменологиялық талдау. (2025). JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES , 150(1), 156-184. https://jete.enu.kz/index.php/bastybet/article/view/18

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 39

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.