ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ДАМУЫНА ИШАНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ: АППАҚ ИШАН СЕЙІТАХМЕТОВТІҢ МЫСАЛЫНДА
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-156-3-127-138Кілт сөздер:
ислам, дін, тасауф, кешен, медресе, ишан, әулие, мақсұм, ілім, мұражайАңдатпа
Зерттеу барысында Қазақстандағы ишандық мектептің ислам дінінің дамуына қосқан үлестері талқыланады. Оның жарқын мысалы ретінде Қазақстанның оңтүстік өңірінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде маңызды рөл атқарған Шаян мешіт-медресесі негізге алынады. Атап айтар болсақ, аталған діни кешенді тұрғызушы ишандық мектептің өкілі Аппақ ишан Сейітахметовтің дін саласында атқарған қызметіне ғылыми баға беріледі. Мақалада Шаян мешіт-медресесінің маңыздылығын сөз ете отырып, оның негізін салушы Аппақ ишан Сейітахметовтің қысқаша ғұмыры, өскен ортасы, діни білімі мен қайраткерлік қырлары сөз болады. Өз заманында Аппақ ишан Сейітахметов халық арасында сопылық ілімді насихаттаушы ғана емес, өзінің әулиелік кереметтерімен танылып, көпшілік пір тұтқан дара тұлға еді. Оның әкесі, туған-туысы, өз кіндігінен тараған ұрпақтары да, ислам дінінің өркендеуіне қызмет еткен кісілер болатын. Шаян мешіт-медресесі заман талабына сай тұрғызылған діни кешен саналады. Бұл діни оқу ордасында Қазақстаннның түкпір-түкпірінен келген шәкірттер білім алды. Шаян мешіт-медресесі сол кездегі әлеуметтік шарттармен салыстырғанда, өзге діни оқу орындарынан анағұрлым артықшылыққа ие. Діни білім беру жағынан болсын, кешеннің құрылысы жағынан болсын, мешіт-медресенің қаржылық-материалдық базасы жағынан болсын, ондағы діни қасиеттілік (сакральды) жағынан болсын, Шаян мешіт-медресесінің өзге қатарлас оқу орындарынан қарағанда, биік белестерді бағындырған оқу орны еді. Шаян мешіт-медресесі жарты ғасырға жуық жұмыс істеп, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кеңес үкіметі орнап, атеизм саясатының құрбанына айналды. Мемлекет тарапынан күшпен жабылып, оның тұтқасын ұстаған Аппақ ишан Сейітахметов отбасымен бірге қуғын көрді. Бүгінде Шаян мешіт-медресесі ғимараты өткен күннің белгісі ретінде тарихи музейге айналып отыр.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Аманқұл Т.О. (2024). Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы ислам (1920-1950 жылдар): монография Алматы: Қазақ университеті. – 226.
Жандосов, С. (2010). Қазақстандағы медреселер тарихы. – Алматы: Қазақ университеті,– 184 б.
Исахан, М. (2025). Сатыбалдивеа А., Нұрбай Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдары мен шариғат үкімдері өзара байланысының қысқаша тарихнамасы (монография). Нұр-Мүбарак баспасы. Алматы, 252 б.
Исахан М. (2025). Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы және әдет-ғұрып пен шариғат синтезі (монография). «Қазақ кітабы» баспасы. Алматы, 274 б.
Аппақ ишан мешіт-медресе кешені. https://archaeology.kz/heritages/187-appaq-ishan-meshit-medrese-kesheni
Койгелдиев, М. (1995). Омарбеков Т. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, – 368 б.
Койгелдиев, М. (2008) Қазақ қоғамы және дін: ХХ ғасыр басындағы ахуал. – Алматы: Ғылым, – 256 б.
Тәбірізұлы С. Созақ өңірі. Алматы, 2007 ж. 432 б.
Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты. (2015). Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи-мәдени ескерткіштері жинағы. Таймас.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі. (2017). Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы: Түркістан өңірі. Астана.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві. (б.ж.). Діни қайраткерлерге қатысты ОГПУ материалдары [Архив құжаты]. Қор 141, тізбе 1, іс 23.
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры. (б.ж.). ОҚО ҚР ҰҚКДМ архив құжаты [Архив құжаты]. № 02786, 1-том, 183–188-парақтар.
Шәді Жәңгірұлы. (2012). Назым сияр шариф (1-кітап, 80-том). Нұрлы Әлем.
Мырзахметұлы М. (1992), Қазақтың сопылық әдебиеті. – Алматы: Рауан, – 208 б.
Омарбеков Т. (2018). 1929-1931 жылдардағы халық көтерілістер. – Алматы, – 320 б.
Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (ӨзР ОМА). Қор 2457, тізбе 3: Түркістан өлкесіндегі діни қозғалыстарға қатысты істер.
Өскембаев Қ.С., Ескалиев С.А., Бодеев К.Т. (2024). 1920-1930 жж. кеңес билігінің дінге қарсы күресі, №29 (114). – 96-206.
Ізтілеуова Д. (2014). Аппақ ишан. Түркістан газеті. https://turkystan.kz/article/62624-appa-ishan?ysclid=ml53zz8lpi948584558
Aytkozhakyzy, Laura-Leilakhan. (2021). Аппақ Ишан Ата (Appak Ishan Ata). – Алматы: Arna-b, – 470 p.
Egemen Qazaqstan // Аппақ ишан айбары. – (2023). – 15 наурыз.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Мавлюда СМАНОВА, Мухан ИСАХАН, Саийдкутуб СМАНОВ (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.








