М. Элиаденің дінтанулық концепцияларына түсіндірме
Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 56Кілт сөздер:
уақыт, символ, концепция, діндер тарихы, иерофания, қасиетті, архаикалық, діни санаАңдатпа
Мақалада Мирча Элиаденің дінтану саласындағы негізгі концепциялары қарастырылып, олардың қазіргі ғылымдағы рөлі мен маңыздылығы жан-жақты талданады. Дін тарихшысының зерттеулері дінтану саласындағы негізгі классикалық ізденістер екені сөзсіз, осы концепцияларды талдай отырып Элиаденің діни тәжірибедегі тұжырымдары қазіргі дінтану саласында маңызды көрсеткіштер екенін оқырман назарын аудартуды жөн санаймыз. Элиаде діннің әмбебап құрылымын түсіндіру мақсатында «қасиетті мен жерлік», «иерофания», «архаикалық ойлау», «миф», «символ», «діни универсализм» және «уақыт» ұғымдарын қалыптастырды. Осы концепциялардың діни сананың құрылымын зерттеудегі ықпалы сарапталып, жаңа интерпретация ұсынылды. Элиаденің идеялары діни тәжірибенің әмбебап заңдылықтарын ашып, оның мәдени және рухани процестерге тигізетін әсерін көрсетеді. Ол дінді тек сенім жүйесі ретінде ғана емес, адамзаттың әлемді тану тәсілі ретінде қарастырады. Элиаденің мифтер мен символдарға қатысты көзқарастарының діни дүниетанымдағы орны анықталып, олардың адамдардың рухани өміріндегі атқаратын қызметі көрсетіледі. Оның теорияларының қазіргі дінтану ғылымындағы өзектілігі талданып, символдар мен мифтердің адам өміріндегі маңыздылығы айқындалды. Зерттеу нәтижесінде Элиаде тұжырымдарының дін феноменологиясына қосқан үлесі мен олардың қазіргі заманғы дінтанулық зерттеулердегі маңызы жаңа қырынан бағаланды. Элиаде тұжырымдары діннің адам өміріндегі маңызын ашуға, мифтер мен ритуалдардың қоғамдағы атқаратын қызметін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.



