Балалар философиясы: практикалық-философиялық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаһандық қозғалыс
Ғылыми мақала
Қаралымдар: 202 / PDF жүктеулері: 78DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-151-2-60-74Кілт сөздер:
балалар философиясы; балалық шақ философиясы; балаларға арналған филолсофия; tabula rasa; философ педагогикасы; бифокал және мультифокал; практикалық философия; пәнаралық симбиоз; білім философиясы; философия әдістемесі;Аңдатпа
Ғасырлар бойы оқу мен жазу арқылы сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытатынын дәлелдеген және парадигмалардың қарқынды өзгеруіне куә болған балалар үшін философия арқылы пайымдауды қолжетімді ету өзекті. Қазіргі балалар философиямен айналысуға қабілетті ғана емес, оған мұқтаж. Дарынды балалар қоғамның ілгерілеуінің кепілі және мемлекеттің интеллектуалды инвестициялық капиталы. Орта білім беру саласының қызметтік жүйесі озық технологияларды тез игеру және дамыту үшін жеткіліксіз, есесіне балалардың ой-өрісі мен дүниетанымын насихаттау, қолдау, кеңейту, логикалық ойлау және өз ойларын дәлелдеу қажеттілігі бар. Мемлекеттік деңгейдегі әр қадам болашақ ұрпақтың есебінен жүзеге асырылады, балаларға арналған философия осы іске қатысуға, баланың өзіне деген қажеттілікті анықтауына мүмкіндік береді. «Егер сен ақылды болсаң онда неге кедейсің?» деген американдық принцип ақылдылық байлықтың кепілі екеніне көз жеткізеді. «Америка түк істемейді, барлығын жасайтын Американдықтар!» деген танымал сөздің түбінде де ұрпақ санасы мәселесі жатыр. Жас Қазақстандықтарды философиямен ерте жастан жүздестіру қоғам үшін саналы әрекет болып саналуы тиіс.
Мақала балаларды қорғау, тәрбиелеу және білім беру саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың ерекшеліктері мен тиімділігіне, сондай ақ «Балаларға арналған философия» бағдарламасын құрушы және тәжірибелеуші әлемдік университеттердің ғылыми жарияланымдарына негізделген.
Мақала авторлары философияның күрделі ғылыми әдістерін оңтайландыру арқылы баланы «ойлау», «зерделеу», «саралау» дағдыларын ұтымды пайдалана отырып бірқатар кедергілерді басқару әдістерін дамытуға ықпал ету мәселесін терең зерттеуге шақырады.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы (қысқаша курс). – Алматы: «Мектеп», 1971. – 242 б.
Петрова В.П., Хасанов М.Ш., Джаамбаева Б.А. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. -145 б.
Витгенштейн Л. Философские исследования // Витгенштейн Л. Философские работы: в 2-х ч. / пер. с нем. М.: Гнозис, 1994. Ч. 1. С. 75-319.
Gibbs, P. Key Thinkers in Education. Matthew Lipman and Ann Margaret Sharp. Philosophy for Children’s Educational Revolution. Springer Briefs on Key Thinkers in Education. ISBN 978-3-031-24147-5 https://doi.org/10.1007/978-3-031-24148-2
Worley P. Corrupting Youth: History and Principles of Philosophical Enquiry. Vol. 1. London, 2021.
Юлина Н.С. Философия для детей: обучение навыкам разумного мышления. М., 2005.
Smith, Sir William (1898). Cornish, F. Warre (ed.). A Concise Dictionary of Greek and Roman Antiquities. London: Spottiswoode and Co. 829 p.
Нұрадин Г.Б. Практикалық философия «Философия» пәні бойынша философиялық емес және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы ЖШС Лантар Трейд, 2021 – 234 б.
Болотов А.Т. Детская философия. Петрополис 2012. - 854 с.
Goupil, L., & Proust, J. (2023). Curiosity as a metacognitive feeling. Cognition, 231. https://doi.org/10.1016/j.cognition.2022.105325
ҚыдыршаевА.С, ӘжіғалиевМ.Қ., ҚажымоваҚ.Р., ҚыдыршаевО.А., МәліковаМ.М. Шешендік дәстүр – ұлттық рухани құндылық тұнбасы // БҚУ Хабаршысы. №3(83). -2021. -56-68 бб. DOI 10.37238/1680-0761.2021.83(3).8
Исаева Ұ. (2014). Оқшы ата мазаратындағы тарихи тұлғалар. Қазақстан тарихы (әдістемелік журнал). №8. 17-23 бб.
Lipman, M. 1988. Philosophy goes to school. Philadelphia: Temple University Press.
Дауталиев К.Н. Институт отправления правосудия «бала би» в раннем возрасте в традиционном казахском праве // Право и государство: теория и практика. 2013. № 7(103) . -129-134.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Гульхан Нурадин, Улбосын Кыякбаева , Асия Аккулиева , Дина Кульбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



