МҰНАЙДАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖАҢА ОРЫН КІМДІГІ ЖӘН ДЖЕНТРИФИКАЦИЯ: АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ YEMAA ЗАМАНУИ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕЙСІ
Қаралымдар: 160 / PDF жүктеулері: 32DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-152-3-202-215Кілт сөздер:
джентрификация, постмұнайлық кезең, жаңа орын кімдігі, урбанистика, мұнай, периферияАңдатпа
Бұл шолу Атырау қаласының шеткері аумағында орналасқан YEMAA замануи мәдениет орталығының кейсі мәдени джентрификация мысалы ретінде қарастырылады. Зерттеу постмұнайлық және посткеңестік контексте бұл үдерістің орынның әлеуметтік және мәдени құрылымына қалай ықпал ететініне назар аударады. Мақалада джентрификация үдерістері қаланың мәдени және әлеуметтік келбетінің өзгеруіне қалай әсер ететіні және бұл өзгерістердің орынның жаңа кімдігін қалыптастыруға қалай ықпал ететіні зерделенеді. Сонымен қатар, зерттеу Қазақстанның аймақтық қалаларындағы қалалық үдерістерді талдауға арналған тұжырымдамалық негізді толықтыруды, перифериядағы жаңа тартылыс нүктелерін қалыптастырудағы мәдени институттардың рөлін сипаттауды мақсат етеді. Анализ автордың автоэтнографиялық бақылауларына, сондай-ақ визуалды материалдарға – фотосуреттерге, карталарға және мұнай индустриясымен байланысты жергілікті жады орындарының сипаттамасына сүйенеді. Мақалада бұрынғы автовокзал аумағында орналасқан және қазіргі таңда жеке девелоперлік жобаға кіріктірілген YEMAA орталығы жаңа тартылыс орнына айналғаны атап өтіледі. Бұл орталық Атыраудың бұрынғы индустриалды бейнесінен бөлек, қаланың жаңа мәдени келбетін қалыптастырып келеді. YEMAA кейсі мәдени, инфрақұрылымдық және коммерциялық өзгерістерді ұштастыратын джентрификацияның будан формаларын көрсетеді. Бұл перифериялық аймақтарды тек даму нысаны ретінде емес, дербес мәдени орталықтар ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, шолу постиндустриалды Қазақстан аймақтарындағы қалалық үдерістерді тереңірек түсіну үшін мәдени джентрификацияға жергілікті тұрғыдан қарауға талпынады.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Бюро национальной статистики URL https://stat.gov.kz/ru/region/atyrau/ (accessed: 25.07.25).
Волчек Г. Философия Нефти. Люди. Идеи. События. Ridero, 2021, С. 120-121 URL https://permneft-portal.ru/portal/filosofiya_nefti.pdf?utm_source=chatgpt.com (accessed: 25.07.25).
Glass R. London. Aspect of Change. Edited by Center for Urban Studies, Macgibbon&Kee, 1964
Ghotam K.F. «Tourism Gentrification: The case of New Orleans’ Vieux Carre (French Quarter)» Urban Studies, Vol.42, No. 7, 2005
Зукин Ш. Культуры городов. Studia Urbanica, 2018
Infinity Eco Park website https://infinityplazahotel.kz/infinity-eco-park (accessed: 25.07.25)
Клозе А., Штайнингер Б. Нефть. Атлас петромодерна. Логос, 2021
Lee L., Slater T., Wyly E. Gentrification. Routledge, 2008
Michele B. Arts and culture in the city: Peripheral centrality, cultural vitality, and urban change in inner suburbs. Cities, Volume 150, 2024 URL https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S0264275124001975 (accessed: 25.07.25)
OPEC Annual Statistical bulletin 2025 URL https://www.opec.org/assets/assetdb/asb-2025.pdf (accessed: 25.07.25)
Роджерс Д. Недра России. Власть, нефть и культура после социализма. Academic Studies Press, 2020
Трубина Е. Город в теории: опыты осмысления пространства. Новое литературное обозрение, 2011
Urban Forum Kazakhstan. Нефтяная столица: титул или проклятие? Исследование городской идентичности, комфортности среды и гражданского участия в Атырау, UFK Press, 2018 URL https://urbanforum.kz/atyrau-tan(accessed: 22.07.25)
Urban Forum Kazakhstan. Атырау сегодня. Идентичность, точки притяжения и качество жизни, UFK Press, 2020 https://urbanforum.kz/atyrau-today-survey (accessed: 22.07.25)
YEMAA website https://yemaa.kz/?lang=en#exhibitions (accessed: 25.07.25)
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Асель Ахметжанова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



