Түркі Косомогониялық Миф(тер)індегі Ізі Жасырылған Жылан Бейнесі: Ерлік Хан

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 211 / PDF жүктеулері: 76

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-151-2-112-125

Кілт сөздер:

Ерлік хан; Жылан бейнесі; космогониялық миф; Жылан Баба хан; дүниенің жаратылуы; батыр Үи; Ғаламдық Жылан

Аңдатпа

Бұл жұмыста Алтай жаратылыс дастанындағы Ерлік ханның жыландық бейнесі қарастырылады. Оның жылан бейнелі болмысын анықтау, жалпы түркілердің космогониялық танымындағы жыланның рөлі мен маңызын нақтылауға жол ашады. Осы арқылы Шумер, Қытай және Мысыр сияқты өзге мифологиялық дәстүрлердегідей, түркілердің жаратылыс туралы мифтерінде де жылан бейнесінің кездесетінін дәлдеуге негіз жасалады. Бұл өз кезегінде Түріктердің мифтік көз қарастарының астарындағы діни сенімдік дүниетанымын танып білуге көмектеседі.  Осы мақсатта Ерлік ханның жаратылыс оқиғасының басталуынан бастап жер асты әлемінің иесіне айналғанға дейінгі кезеңдегі атқарған рөлі мен ерекшеліктері аясында оны басқа мифтік жылан бейнелерімен салыстырмалы түрде талдау қолға алынады. Осы барыста алдымен Ерлік ханның Тәңірі Үлгенме болған құбылмалы қарым-қатынасының астарындағы ғаламның үйлесімділігіне қызмет етуге бағытталған негізгі мақсаты анықталды. Нәтижесінде Ерлік ханның, бір жағынан, Дүние Ағашының түбін мекендейтін ғаламдық жыланмен, екінші жағынан Қытай мифологиясындағы жылан бейнелі батыр Үи бейнесімен ұқсас қырларын ашуға мүмкіндік туады. Әсіресе Ерлік хан мен Жылан Баба хан арасындағы мекен, қызмет және қасиет тұрғысынан ортаға шыққан ұқсастықтар жан-жақты талданып, олардың ұсталық өнер аясында тоғысатын жетпектік (инициациялық) ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады. Түптеп келгенде, осының барлығы Ерлік ханның әр қырынан жылан бейнелі мифтік кейіпкерлермен ұқсастықтарын анықтауды мақсат етеді. Анықталған ұқсастықтар болса өз кезегінде Ерлік ханның жылан бейнесін жаңадан жасауға мүмкіндік бере алады. 

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Ерсұлтан Әлайдар, Он Тоғызыншы Мамыр Университеті

    Он Тоғызыншы Мамыр Университеті, Самсун, Түркия,

Әдебиеттер тізімі

Әсемқұлов, Т. (2016). Шығармалары: Мифология, тарих, қоғам (5-том). Алматы: Қазақ энциклопедиясы.

Қондыбай, С. (2008). Арғықазақ мифологиясы (4-том). Алматы: Арыс баспасы.

Қондыбай, С. (2008). Гиперборея: Түс түрген заман шежіресі (4-том). Алматы: Арыс баспасы.

Bayat, F. (2022). Türk mitolojisi sistemi I. İstanbul: Ötüken Neşriyat.

Chen, L. (2015). Çin mitolojisi: Efsanelerin kökeni (H. Bögün, Çev.). İstanbul: Kaynak Yayınları.

Çatal, S. (t.y.). Cehennemin yeraltında bulunması ve yer altı tanrılarının şeytan ile özdeşleştirilmesi ibaresine mitolojik bakış. Akademik Açı, 1(2), 147–160.

Eliade, M. (2006). Zalmoksis’ten Cengiz Han’a: Daçya ve Doğu Avrupa folkloru ve dini üzerine karşılaştırmalı bir inceleme (A. Berktay, Çev.). İstanbul: Kabalcı Yayınları.

Eliade, M. (2020). Demirciler ve simyacılar (M. E. Özcan, Çev.). Ankara: Doğu Batı Yayınları.

Eliade, M. (2020). Mitlerin özellikleri (S. Rifat, Çev.). İstanbul: Alfa Yayınevi.

Hallaç, A. T. (2022). Altay Tıvaları ve Er Töştük anlatısının Altay Tıva varyantı: Bay Nazar. Motif Akademik Halk Bilimi Dergisi.

Ögel, B. (2010). Türk mitolojisi (Cilt 1). Ankara: Türk Tarih Kurumu.

Özgül, E. (2024). Eskiçağ mitolojisinde ve tasvirlerinde “yılan” figürü. Kafkas Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü Dergisi (34), 991–1026.

Ünal, S., & Çeribaş, M. (2022). Türk kültüründe yönler ve sağ-sol algısı (Yüksek lisans tezi). Nevşehir Hacı Bektaş Veli Üniversitesi, Nevşehir.

Yuan, K. (2006). Zhongguo gudai shenhua. Huaxia Chubanshe. (Юан Ке. (2006). Қытайдың ежелгі мифтері. Хуа Шиа баспасы.)

Wen, Y. (2009). Fuxi kao. Shanghai: Shanghai Guji Chubanshe. (Уэн Идо. (2009). Фуси туралы зерттеу. Шанхай көне жазбалар баспасы.)

Guénon, R. (2005). Siyah ve beyaz (sembolizmi) (S. Kılıç, Çev.). Atatürk Üniversitesi İlahiyat Fakültesi Dergisi, 23, 217–222.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Түркі Косомогониялық Миф(тер)індегі Ізі Жасырылған Жылан Бейнесі: Ерлік Хан: Ғылыми мақала. (2025). JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES , 151(2), 112-125. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-151-2-112-125

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 13

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.