БОЛМЫСТЫ ТҮСІНУДЕГІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ. БИСЕМБАЙ КОЛУМБАЕВ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕБІ
Қаралымдар: 142 / PDF жүктеулері: 53DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-297-303Кілт сөздер:
философиялық мектеп; болмыс философиясы; үшінші адамның көзқарасы; экзистенциалдық тәжірибе; рухани эволюция; триадалық құрылым; өзіндік таным; философиялық актАңдатпа
Естелікте 2025 жылғы 29 қарашада дүниеден өткен Бисембай Ерғалиұлы Колумбаевтың тұлғалық болмысы мен оның қалыптастырған философиялық мектебінің рухани-танымдық ерекшеліктері сипатталады. Ұстаздың дәрістік тәжірибесінің дәстүрлі академиялық оқыту үлгісінен шығып, адамның экзистенциалдық өзіндік танымына бағытталған болмыстық кеңістікке айналғаны қарастырылады. Колумбаевтың философиялық тәсілі «үшінші адамның көзқарасы» ұғымы арқылы ашылып, ойдың денелік тәжірибеде көрініс табатын жанды үдеріс екені көрсетіледі. Сонымен қатар адам болмысын «адамға дейінгі», «адами» және «адамнан жоғары» деңгейлер арқылы түсіндіретін триадалық құрылым философиялық мектептің дүниетанымдық негізі ретінде талданады. Бұл құрылым адамды статикалық жаратылыс емес, рухани эволюция процесіндегі субъект ретінде пайымдауға мүмкіндік береді. Естелікте ұстаздың тыныштық арқылы танылатын рухани қалпы, қимылы мен дауыс ырғағы философиялық акт ретінде сипатталып, философияның тек теориялық дискурс емес, өмірлік-экзистенциалдық тәжірибе екені негізделеді. Нәтижесінде Колумбаев мектебінің басты құндылығы адамның өзіндік рефлексиясына, ішкі болмысымен беттесуіне және рухани кемелдену жолындағы үздіксіз ізденіске бағытталатыны айқындалады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Торгын САДЫКОВА (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.








