БАПТИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ДЖОН СМИТ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ДІНИ КОНТЕКСТ
Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 27DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-153-4-91-104Кілт сөздер:
баптизм, Джон Смит, кальвинизм, арминианизм, меннониттер, Уотерландер, бастапқы күнә, Қазақстандағы баптизм.Аңдатпа
Мақалада баптизмнің қалыптасу алғышарттары мен теологиялық негіздері, сондай-ақ оның бастауында тұрған Джон Смиттің діни көзқарастарының эволюциясы талданады. Зерттеу XVI-XVII ғасырлардағы Англияның әлеуметтік-саяси ахуалының баптистік қауымның құрылуына ықпалын көрсетеді. Мәтіндік деректер Смиттің өзін шомылдыруы мен алғашқы баптистік қауымды шамамен 1609 жылы ұйымдастыру кезеңінде оның әлі дәстүрлі кальвинистік сенімдерді – таңдалу, жазалануға ұшырау және бастапқы күнә – ұстанғанын аңғартады. Алайда 1610 жылға қарай ол бұл қағидаларды ашық түрде терістейді. Мақалада осы өзгерістің хронологиясы мен ықтимал себептері қарастырылып, бас тартудың негізгі факторы ретінде Уотерландер меннониттерімен байланыс ұсынылады. Осыған сәйкес, кең тараған пікірден өзгеше түрде, алғашқы баптистік қауым бастапқыда кальвинистік бағдарда болғанымен, қысқа мерзім ішінде арминиандық және меннониттік ықпалдарға жылдам ойысқаны дәлелденеді. Мақалада Смиттің кальвинизмнен арминианизмге, әрі қарай меннониттік ықпалға ауысуы, сонымен бірге бастапқы күнә мәселесіне қатысты ұстанымдары жүйелі талданады. Сондай-ақ қазіргі Қазақстандағы баптизмнің Смит мұрасымен ықтимал байланыстары, қауымдардың сенімдік ерекшеліктері мен тарихи дамуы қарастырылып, баптистік ағым ішіндегі бағыттарды жіктеу ұсынылады. Зерттеу тарихи деректер мен теологиялық еңбектерге, сондай-ақ баптистердің құтқарылуды субъективті сезінуі (Қасиетті Рухтың әсері) туралы куәліктеріне сүйенген кешенді талдауға негізделеді.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Wickman, E. (2020). General Baptist origins and original sin. BQ, 55.
Mahmut, A. (2021). Hristiyanlık: tarih, inanç ve uygulama. İstanbul: Ketebe.
Robert, E. (1994). Luther's little instruction book (The small catechism of Martin Luther) (Smith,
Trans.). Sacred Texts. https://sacred-texts.com/chr/luther/smallcat.htm
John Paul II. (1990). Redemptoris missio (Latin and English). Vatican. https://www.vatican.va/
content/john-paul-ii/en/encyclicals/documents/hf_jp-ii_enc_07121990_redemptoris-missio.html
Smyth, J. (1609). The character of the beast... R. Schilders. Early English Books Online 2. University of
Michigan Library Digital Collections. https://name.umdl.umich.edu/A12552.0001.001
Stephen, R. (2021). When did John Smyth embrace ‘Arminianism’ – and was the first Baptist
congregation ‘Particular’? Search Peer-Reviewed Journals and Articles, 52(4), 146–157. https://doi.org
/10.1080/0005576X.2021.1947651
London Baptist Confession of Faith. (1689). https://1689londonbaptistconfession.com
Smyth, J. (1609). Short confession of faith in 20 articles. In Creeds and Confessions of the Church. https://
www.apuritansmind.com/creeds-and-confessions/short-confession-of-faith-in-20-articles-by-john-smyth
The gospel in the heart of Central Asia. (2022). Christian Today. https://www.christiantoday.com/
news/the-gospel-in-the-heart-of-central-asia
White, E. G. (n.d.). History of Protestantism. https://m.egwwritings.org/en/book/899.2505
Şinasi, G. (2022). Hıristiyanlık. İstanbul: İSAM.
Братский Вестник. (1948). № 3, 41-бет. https://mbchurch.ru/publications/brotherly_
pdf/?PAGEN_1=4
Киелі кітап. (2001). Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларының таңдамалы жиынтығы
және Інжіл шариф. Стамбул: Жаңа Өмір баспасы.
Каргель, И. В. (n.d.). В каком ты отношении к Духу Святому? https://equalibra.org/ru/book/v-kakom-ty-otnoshenii-k-duhu-svyatomu/
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Дидар Мамырбаев, Қалмахан Ержан , Жанболат Тологон, Асан Сулейменов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



