АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ЖӘНЕ ГРИГОРИЙ СКОВОРОДА: ЖҮРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ

Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-155-2-36-50

Кілт сөздер:

«Жүрек» философиясы; Абай Құнанбаев; Григорий Сковорода; суфизм; исихазм; жүрек антропологиясы; құдайтаным; жүрек және мораль

Аңдатпа

Рухани дәстүрлер уақыт пен кеңістікте мәдениеттер арасында ешбір шекарасыз шексіз тарала беру қасиетіне ие. Олар ортақ мәдени универсалийлер ретінде сабақтастық тауып, адамның рухани құндылықтар әлемінде жалғаса береді. Соның нәтижесінде жеке мәдениеттер кеңейіп толысып отырады. Мұндай мәдени универсалийлерді компаративистік бағытта зерттеу арқасында әрбір философиялық категорияның немесе дискурстің мәнін, генеалогиясын ашамыз. Осындай әмбебап ұғымның бірі - жүрек ұғымы болып табылады. Жүрек – кардиофилософия аталатын бағыттың негізгі объектісі. Ол шығыс философиясы мен діни дәстүріне ортақ маңызды ұғымдар. Сондай-ақ аталған ұғым православие, византиялық діни дәстүрлер аясында да қолданыс тапқан.

Мақалада жүрек философиясы аталатын зерделеу бағыты аясында Абай Құнанбаев пен Григорий Сковороданың шығармашылығы салыстырмалы талданады. Абайдың діни- философиялық дүниетанымында «жүрек» ұғымының үлкен орын алатыны белгілі. Абай жүректі кең философиялық көлемде қолданып, оны құдайтанудың құралы, моральдық ұстанымның негізгі категориясы санатында түсінгені мәлім. Осы мәселені белгілі орыс, украин ойшылы, «жүрек» философиясының көрнекті өкілі Г. Сковорода өзінің философиялық және діни дүниетанымында тірек ұғымдардың бірі ретінде қолданып, оны антропологиялық, діни, гносеологиялық қырларынан талдаған.

Екі ойшыл да жүректі адамның танымдық ізденісіндегі рөлін діни-мистикалық көкжиекте қарастыра отырып, оны антропологиялық деңгейден «Адам – Құдай», «Адам – Әлем» қатынасына көтереді. Сонымен қатар екі ойшылдың жүрек философиясына қатысты танымдық дискурстарының діни-мәдени алғышарттары зерделеніп, ислам мен христиан діндеріндегі ортақ идеялары қарастырылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Өмірбек БЕКЕЖАН, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

    жоқ

Әдебиеттер тізімі

Абай. (1986). Шығармалар жинағы (Т. 1). Жазушы.

Әл-Фараби. (1973). Философиялық трактаттар. Ғылым.

Вивчар, С. В. (2018). Григорий Сковорода и аль-Газали: О сердце человека, вере, философии бытия и познании Всевышнего. Islam.in.ua. https://islam.in.ua/ru/islamovedenie/grigoriy-skovoroda-i-al-gazali-o-serdce-cheloveka-vere-filosofii-bytiya-i-poznanii

Игнатенко, А. А. (1989). В поисках счастья: Общественно-политические воззрения арабо-исламских философов средневековья. Мысль.

Исихазм. Википедия. https://ru.wikipedia.org/

Ислам: Энциклопедический справочник. (2010). Аруна Ltd.

Колчигин, С. (2020). Философия сердца. Мысль.

Кралюк, П. (2010). Невидимые параллели украинского и турецкого философов Григория Сковороды и Саида Нурси. Islam.in.ua. https://islam.in.ua/ru/islamovedenie

Лебеденко, А. А. (2009). Философия сердца Григория Сковороды: Концепция цельности человека и мира. CyberLeninka. https://cyberleninka.ru/article/n/filosofiya-serdtsa-grigoriya-skovorody-kontseptsiya-tselnosti-cheloveka-i-mira/viewer246

Лосев, А. Ф. (1991). Философия. Мифология. Культура. Политиздат.

Сандыбаев, Ж. (2017). Әбу Хамид әл-Ғазали мен Абайдың діни-этикалық философиясындағы «жүрек» мәселесінің сабақтастығы. KUIFD, 1(1), 71–72.

Сковорода, Г. (1973). Сочинения (Т. 1; И. В. Иваньо & М. В. Кашуба, сост.; В. И. Шинкарук, ред.). Мысль.

Сковорода, Г. (2002). Наркисс. Издательский дом Шалвы Амонашвили.

Степанянц, М. Т. (1987). Философские аспекты суфизма. Наука.

Суфизм и исихазм – истоки экстатической каббалы. (2011, January 6). Wayter. https://wayter.wordpress.com/2011/01/06/sources/

Якубович, М. (2023). Как развивался ислам в Крыму: история ханства в суфийских рукописях. Реальное время. https://m.realnoevremya.ru/articles/269439-istoriya-krymskih-tatar

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

“АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ЖӘНЕ ГРИГОРИЙ СКОВОРОДА: ЖҮРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ”. 2026. JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES 155 (2): 36-50. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-155-2-36-50.

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 87

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.