Позитивті психология және дін: сенім мен бақыттың байланысы
Қаралымдар: 121 / PDF жүктеулері: 67Кілт сөздер:
позитивті психология; бақыт; сенім; рухани салауаттылық үлгісі; Роберт Эммонс.Аңдатпа
Позитивті психология мен діннің байланысы қазіргі заманғы психологияда маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Позитивті психология адамның мықты қырларына назар аударып, оның психикалық әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту мен бақытқа жетуге көмектесуді мақсат етеді. Бұл ғылым адам өміріндегі жағымды эмоцияларын, қарым-қатынасын, мақсатқа жету және қанағаттану сезімдерін зерттейді. Ал дін, оның ішінде Ислам діні, адамның рухани дамуы мен ішкі тыныштығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сенім мен бақыт арасындағы байланыс адам өміріндегі қанағаттану деңгейіне, психологиялық тұрақтылық пен мағынасына терең ықпал етеді. Исламдағы сенім мен рухани құндылық, сондай-ақ позитивті психологияның адамды қолдау және жағымды аспектілерін дамыту тәсілдері психологиялық денсаулықты жақсартуға ықпал етеді. Осы екі бағыт арасындағы үндестік адамның толыққанды өмір сүруіне көмектеседі. Мәселен, Исламда сабырлық, ризашылық, дұға мен үміт адамға қиындықтарды жеңуге, стрестен арылуға және рухани тыныштыққа жетуге көмектессе, позитивті психологияда бұл қасиеттердің барлығы маңызды элементтер болып табылады. Мақалада талданатын зерттеу әдістері, негізінен, позитивті психология мен діннің байланысын зерттеуге бағытталған әртүрлі психологиялық және социологиялық әдістерді қамтиды. Талданатын авторлар мен зерттеушілердің ішінде, әсіресе Мартин Селигман, Питер Л. Харрис, Роберт Эммонс және Малик Бадри сияқты тұлғалар белгілі. Зерттеулер көрсеткендей, адам өмірінде қиындықтарды жеңу үшін ішкі күштерін, сенімдерін және рухани құндылықтарын пайдалану арқылы психологиялық денсаулығын нығайтады.



