МАҢҒЫСТАУДЫҢ ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ МӘДЕНИ ЖАД ТҮЙІНІ РЕТІНДЕ

Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 38

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-282-296

Кілт сөздер:

Маңғыстау; жады ландшафты; мәдени ландшафт; киелі орындар; тарихи жады; ұжымдық жады; естелік орындары; орын рухы

Аңдатпа

Маңғыстаудың мәдени ландшафттары – табиғи нысандар, сакралды сәулет ескерткіштері, мифологиялық нарративтер мен тұрақты зияратшылық тәжірибелердің күрделі тоғысын білдіреді. Бұл кеңістікте Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата жерасты мешіттері ерекше орын алады және олар тек діни ғибадат орны ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени жадының негізгі түйіндері қызметін атқаратын киелі орталықтар ретінде танылады. Мақалада мәдени ландшафттың классикалық теориялары (К. Зауэр), қозғалыс антропологиясы мен «ритуалдық әлем» тұжырымдамалары (Т. Ингольд), «орын рухы» (К. Норберг-Шульц) және габитус (П. Бурдье), ұжымдық және мәдени жады теориялары (М. Хальбвакс, Я. Ассман), сондай-ақ «естелік орындары» концепциялары (П. Нора) сабақтастыра қарастырылады.

Сонымен қатар зерттеуде киелі орындар «дала жады» ретінде (Ф. Мұсатаева), қазіргі қоғамдағы «жады тәжірибелері» ретінде (К. Медеуова), сондай-ақ С. Қондыбай еңбектерінде реконструкцияланған Маңғыстаудың мифогеографиялық денесінің құрамдас бөлігі ретінде түсіндірілетін қазақстандық зерттеу дәстүрі де басшылыққа алынды. Философиялық, антропологиялық және мифологиялық модельдерді салыстырмалы талдау арқылы мақалада жерасты мешіттерінің тек жады сақталатын кеңістік емес, сонымен қатар салт-жоралғылар, қозғалыс үдерісі, нарративтер мен зияратшылар тәжірибесінде туындайтын визуалды бейнелер арқылы қайта өндірілетін кеңістік екендігі айқындалады.

Зерттеу әдіснамасы герменевтикалық және концептуалдық талдауды, философиялық реконструкцияны, мәдени ландшафтық тәсілді және салыстырмалы талдау элементтерін қамтиды. Эмпирикалық базаны зияраттық сипаттамалар, С. Қондыбай еңбектері, «Қасиетті Қазақстан» жобасының материалдары, ЮНЕСКО құжаттары және далалық зерттеу деректері құрайды.

Талдау нәтижелері Маңғыстаудың жерасты мешіттері рулық бірегейлік, киелі география, ұжымдық жады формалары, коммеморация тәжірибелері және кеңістікті сакрализациялаудың мемлекеттік стратегиялары тоғысатын көпқабатты жады тораптарының желісін қалыптастыратынын көрсетеді. Мәдениеттанулық өлшемде жерасты мешіттері өткенді қайта пайымдау және ұлттық бірегейліктің заманауи үлгілерін қалыптастыратын алаң ретінде көрініс табады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Набат АРАШОВА, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

    докторант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

  • Куралай ЕРМАГАМБЕТОВА , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

    PhD, философия кафедрасының доцент м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Әдебиеттер тізімі

Байтанаев, Б.Ә. (2017) Қазақстанның киелі орындарының географиясы. //жалпы редакциясын басқарған: Б. Ә. Байтанаев; Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Ғылым комитеті; Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты; Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. – Алматы. – 903 б.

Rocky Mosques of Mangystau Peninsula. (2021) Paris: UNESCO. //  Electronic source URL: https://whc.unesco.org/en/tentativelists/6566/ (қаралған күні: 15.02.2026)

Ассман, Я. (2004). Культурная память: письмо, память о прошлом и политическая идентичность в высоких культурах древности. – Москва. – 368 с.

Нора, П., Озуф,, М., де Пюимеж Ж. (1999). Франция – память / пер. с фр. – СПб. – 328 с.

Бурдье, П. (2001). Практический смысл / Пер. с фр.: А. Т. Бикбов, К. Д. Вознесенская, С. Н. Зенкин, Н. А. Шматко; Отв. ред. пер. и Послесл. Н. А. Шматко. – СПб.: Алетейя. – 562 с.

Ingold, T. (2017). Taking taskscape to task. // Forms of dwelling, 20. pp. 16-27.

Janowski, M., Ingold, T. (2016). Imagining landscapes: Past, present and future. – New York: Routledge. – 165 p.

Sauer, C. (1925). The morphology of landscape. // University of California Publications in Geography, 2(2), pp. 19–53.

Қондыбай, С. (2008). «Маңғыстау географиясы. Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» - Т.3. Алматы, «Арыс». – 149 б.

Керелбаев, С., Қосбармақов, Б., Құлбай, Н. (2018). «360 әулиелі Маңғыстау» Алматы. – 278 б.

Наурызбаева, З. (2018). Отпан-тау – Караульная гора эпохи глобализации? // [Электронный ресурс] URL: http://otuken.kz/otpan/ (Қаpалған күні: 17.11.2025).

Schulz, C. N. (1980). Genius loci: Towards a phenomenology of architecture. New York: Rizzoli, 17. pp. 22-23.

Мусатаева, Ф. М. (2022). Ұлытау ландшафтының мәдени символикасы. // Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Хабаршысы. Тарих, Философия, Дінтану сериясы. - №2. – 199-217 бб.

Хальбвакс, М. (2007). Социальные рамки памяти. / пер. с фр. – Москва. – 348 с.

Медеуова, К и другие. (2017). Практики и места памяти в Казахстане. Коллективная монография. – Астана: ЕНУ им.Л.Н.Гумилева. – 320 с.

Қондыбай, С. (2006). Маңғыстау-нама. – Алматы: Арыс. – 439 б.

Изтілеу, Д. (2017). Маңғыстаудың ертедегі жерасты мешіттері. // [Электрондық ресурс] URL: https://e-history.kz/kz/news/show/2192

Калменов, M., Бижанова, А., Жалекенова, Г. (2025). Подземное культовое сооружение Султан-епе на полуострове Тупкараган. // Turkic Studies Journal. № 4. С. 89-117. DOI: http://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-4-89-117

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

МӘДЕНИЕТТАНУ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

“МАҢҒЫСТАУДЫҢ ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ МӘДЕНИ ЖАД ТҮЙІНІ РЕТІНДЕ”. 2026. JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES 154 (1): 282-96. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-282-296.

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 51

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.