Баба Түкті Шашты Әзиз тұлғасының метафизикалық мәні: тарихи сана мен рухани кеңістіктегі көрінісі
Қаралымдар: 127 / PDF жүктеулері: 101Кілт сөздер:
дүниетаным, дін, философия, тарих, әулие, түріктер, Баба Түкті Шашты ӘзізАңдатпа
Бұл жұмыста Баба Түкті Шашты Әзизді қазақ ғылымындағы дәстүрлі жыр-аңыздық кейіпкер ретіндегі келбетімен қатар, оны нақты өмірде өмір сүрген тарихи тұлға ретінде қайта зерделеуге бетбұрыстар жасалынады. Сондай-ақ оны тарих пен философияның кең контексінде қарастыра отырып, тағылымға толы өмірі, ілімін және түрік-қазақ дүниетанымындағы рөлі пайымдалады. Баба Түкті Шашты Әзіз туралы деректер талданады, оның болмысын әр қырынан қарастырған тарихи, мәдениеттанулық, діни, философиялық зерттеулер негізге алынады. Баба Түкті болмысының тарихи-философиялық негіздерін, соның ішінде далалық-түркілік және исламдық идеялармен арақатынасы салыстырылады да, өзіндік функционалдық мәні мен қызметі бар сакралдық нысандығын тану басты орын алады. Бір қырынан, Исламға дейінгі түрік дүниетанымның көріністерін білдіретін мифоэпикалық топқа жататын бейне-тұлға ретінде танығысы келетін немесе кейінгі Алтынорда дәуірінде көрініс берген қасиетті жан ретінде репрезентациялайтын бірқатар зерттеушілердің көзқарастарына баламалы талдаулар ұсынады. Оның тұлғасын рухани, қазақ батырлық-күш мәдениеті аясындағы мистикалық құбылыстардың бірі ретінде ғана емес, эпикалық және шежірелік дәстүрдегі пірлік маңыздылығы мәселесіне назар аудару нарратив білімдерді де бағалау қажеттігі тұрғысынан қолға алынады. Нәтижесінде, авторлар оның тұлғалық болмысы мен қазіргі қазақ мәдениеті мен дүниетанымындағы орнына, демистификациялық-мистификациялық, дематифизикаландыру-метафизикаландыру, прагматистік-практикалық, діни және діни сенімдік дүниетаным тұрғысынан келе отырып қорытындылар жасайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Әділбек Нәби, Берік Аташ, Сұлтанмұрат Абжалов, Сұлушаш Төленова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



