БОЛМЫСТЫ ТҮСІНУДЕГІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ. БИСЕМБАЙ КОЛУМБАЕВ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕБІ

Қаралымдар: 142 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

  • Торғын САДЫКОВА С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-8952-0253

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-297-303

Кілт сөздер:

философиялық мектеп; болмыс философиясы; үшінші адамның көзқарасы; экзистенциалдық тәжірибе; рухани эволюция; триадалық құрылым; өзіндік таным; философиялық акт

Аңдатпа

Естелікте 2025 жылғы 29 қарашада дүниеден өткен Бисембай Ерғалиұлы Колумбаевтың тұлғалық болмысы мен оның қалыптастырған философиялық мектебінің рухани-танымдық ерекшеліктері сипатталады. Ұстаздың дәрістік тәжірибесінің дәстүрлі академиялық оқыту үлгісінен шығып, адамның экзистенциалдық өзіндік танымына бағытталған болмыстық кеңістікке айналғаны қарастырылады. Колумбаевтың философиялық тәсілі «үшінші адамның көзқарасы» ұғымы арқылы ашылып, ойдың денелік тәжірибеде көрініс табатын жанды үдеріс екені көрсетіледі. Сонымен қатар адам болмысын «адамға дейінгі», «адами» және «адамнан жоғары» деңгейлер арқылы түсіндіретін триадалық құрылым философиялық мектептің дүниетанымдық негізі ретінде талданады. Бұл құрылым адамды статикалық жаратылыс емес, рухани эволюция процесіндегі субъект ретінде пайымдауға мүмкіндік береді. Естелікте ұстаздың тыныштық арқылы танылатын рухани қалпы, қимылы мен дауыс ырғағы философиялық акт ретінде сипатталып, философияның тек теориялық дискурс емес, өмірлік-экзистенциалдық тәжірибе екені негізделеді. Нәтижесінде Колумбаев мектебінің басты құндылығы адамның өзіндік рефлексиясына, ішкі болмысымен беттесуіне және рухани кемелдену жолындағы үздіксіз ізденіске бағытталатыны айқындалады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Торғын САДЫКОВА, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

    PhD, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы, Жеңіс даңғылы 62, 010000, Астана, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ҒЫЛЫМИ ДӘПТЕР

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

“БОЛМЫСТЫ ТҮСІНУДЕГІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ. БИСЕМБАЙ КОЛУМБАЕВ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕБІ”. 2026. JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES 154 (1): 297-303. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2026-154-1-297-303.

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 49

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары