Балалар философиясы: практикалық-философиялық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаһандық қозғалыс

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 202 / PDF жүктеулері: 78

Авторлар

  • Гүлхан Нұрадин М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-4067-9831
  • Ұлбосын Қыяқбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор
  • Әсия Аккулиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6050-7389
  • Дина Кульбаева М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6126-4905

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-151-2-60-74

Кілт сөздер:

балалар философиясы; балалық шақ философиясы; балаларға арналған филолсофия; tabula rasa; философ педагогикасы; бифокал және мультифокал; практикалық философия; пәнаралық симбиоз; білім философиясы; философия әдістемесі;

Аңдатпа

Ғасырлар бойы оқу мен жазу арқылы сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытатынын дәлелдеген және парадигмалардың қарқынды өзгеруіне куә болған балалар үшін философия арқылы пайымдауды қолжетімді ету өзекті. Қазіргі балалар философиямен айналысуға қабілетті ғана емес, оған мұқтаж. Дарынды балалар қоғамның ілгерілеуінің кепілі және мемлекеттің интеллектуалды инвестициялық капиталы. Орта білім беру саласының қызметтік жүйесі озық технологияларды тез игеру және дамыту үшін жеткіліксіз, есесіне балалардың ой-өрісі мен дүниетанымын насихаттау, қолдау, кеңейту, логикалық ойлау және өз ойларын дәлелдеу қажеттілігі бар. Мемлекеттік деңгейдегі әр қадам болашақ ұрпақтың есебінен жүзеге асырылады, балаларға арналған философия осы іске қатысуға, баланың өзіне деген қажеттілікті анықтауына мүмкіндік береді. «Егер сен ақылды болсаң онда неге кедейсің?» деген американдық принцип ақылдылық байлықтың кепілі екеніне көз жеткізеді. «Америка түк істемейді, барлығын жасайтын Американдықтар!» деген танымал сөздің түбінде де ұрпақ санасы мәселесі жатыр. Жас Қазақстандықтарды философиямен ерте жастан жүздестіру қоғам үшін саналы әрекет болып саналуы тиіс.

Мақала балаларды қорғау, тәрбиелеу және білім беру саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың ерекшеліктері мен тиімділігіне, сондай ақ «Балаларға арналған философия» бағдарламасын құрушы және тәжірибелеуші әлемдік университеттердің ғылыми жарияланымдарына негізделген.

Мақала авторлары философияның күрделі ғылыми әдістерін оңтайландыру арқылы баланы «ойлау», «зерделеу», «саралау» дағдыларын ұтымды пайдалана отырып бірқатар кедергілерді басқару әдістерін дамытуға ықпал ету мәселесін терең зерттеуге шақырады.



Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Гүлхан Нұрадин, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    қауымдастырылған профессор (доцент), философия ғылымдарының кандидаты, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті философия және саясаттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Ұлбосын Қыяқбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі

  • Әсия Аккулиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Философия» кафедрасының докторанты, философия магистрі

  • Дина Кульбаева, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі 

Әдебиеттер тізімі

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы (қысқаша курс). – Алматы: «Мектеп», 1971. – 242 б.

Петрова В.П., Хасанов М.Ш., Джаамбаева Б.А. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. -145 б.

Витгенштейн Л. Философские исследования // Витгенштейн Л. Философские работы: в 2-х ч. / пер. с нем. М.: Гнозис, 1994. Ч. 1. С. 75-319.

Gibbs, P. Key Thinkers in Education. Matthew Lipman and Ann Margaret Sharp. Philosophy for Children’s Educational Revolution. Springer Briefs on Key Thinkers in Education. ISBN 978-3-031-24147-5 https://doi.org/10.1007/978-3-031-24148-2

Worley P. Corrupting Youth: History and Principles of Philosophical Enquiry. Vol. 1. London, 2021.

Юлина Н.С. Философия для детей: обучение навыкам разумного мышления. М., 2005.

Smith, Sir William (1898). Cornish, F. Warre (ed.). A Concise Dictionary of Greek and Roman Antiquities. London: Spottiswoode and Co. 829 p.

Нұрадин Г.Б. Практикалық философия «Философия» пәні бойынша философиялық емес және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы ЖШС Лантар Трейд, 2021 – 234 б.

Болотов А.Т. Детская философия. Петрополис 2012. - 854 с.

Goupil, L., & Proust, J. (2023). Curiosity as a metacognitive feeling. Cognition, 231. https://doi.org/10.1016/j.cognition.2022.105325

ҚыдыршаевА.С, ӘжіғалиевМ.Қ., ҚажымоваҚ.Р., ҚыдыршаевО.А., МәліковаМ.М. Шешендік дәстүр – ұлттық рухани құндылық тұнбасы // БҚУ Хабаршысы. №3(83). -2021. -56-68 бб. DOI 10.37238/1680-0761.2021.83(3).8

Исаева Ұ. (2014). Оқшы ата мазаратындағы тарихи тұлғалар. Қазақстан тарихы (әдістемелік журнал). №8. 17-23 бб.

Lipman, M. 1988. Philosophy goes to school. Philadelphia: Temple University Press.

Дауталиев К.Н. Институт отправления правосудия «бала би» в раннем возрасте в традиционном казахском праве // Право и государство: теория и практика. 2013. № 7(103) . -129-134.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Балалар философиясы: практикалық-философиялық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаһандық қозғалыс: Ғылыми мақала. (2025). JETE – JОURNAL OF PHILOSOPHY, RELIGIOUS AND CULTURAL STUDIES , 151(2), 60-74. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-151-2-60-74

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 38

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.